Мектепке құжаттар өткізу тәртібін түсіндіріп берсеңіз.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады.
Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:
Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
3 х 4 см 2 фотосурет.