Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.

    Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

    Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

    АӘК мыналарға тағайындалмайды:

    1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);

    2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

    3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

    4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;

    5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бой...

    ·
    Сұрақ

    Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйы...

    ·
    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды...

    ·
    Сұрақ

    Оқуға грант қалай бөлінеді?

    Жауап

    "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына, Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере о...

    ·
    Сұрақ

    Мектепке құжаттар өткізу тәртібін түсіндіріп берсеңіз.

    Жауап

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығы...

    ·
    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде б...

    ·
    Сұрақ

    Сомасы 42500 теңгені құрайтын әлеуметтік төлемге кім үміткер бола алады?

    Жауап

    Сомасы 42500 теңге әлеуметтік төлемге келесі санаттағы азаматтар үміткер бола алады: 1) екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлерін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды, мемлекеттік заңды тұлғаларды (шару...

    ·
    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (ко...

    ·