«Есік жазуы» мен «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдарының жинағы» ЮНЕСКО-ның өңірлік тізіліміне енгізілді

    1 / 2

    Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның деректі мұрасын ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне енгізу жөніндегі жұмыс жандандырылды.

    2026 жылғы 5 қарашада Индонезияның Джакарта қаласында өткен «Әлем жады» бағдарламасының Азия-Тынық мұхиты өңірлік комитетінің (MOWCAP) 11-отырысында Қазақстан ұсынған екі номинация – «Есік жазуы» (Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазу) мен «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің баспа басылымдарының жинағы» – тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның өңірлік тізіліміне енгізілді.

    Бұл нәтижеге Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен оның «Әлем жады» бағдарламасы жөніндегі комитетінің жүйелі жұмысының арқасында қол жеткізілді. Аталған жұмыс еліміздің құжаттық мұрасын анықтауға, зерттеуге, сақтауға және насихаттауға бағытталған.

    Индонезияда өткен отырысқа Азия-Тынық мұхиты өңірінің 23 елінен 100-ден астам делегат қатысты. Сарапшылар қатысушы мемлекеттердің «Әлем жады» бағдарламасын дамыту жөніндегі есептерін қарастырып, деректі мұраны тізілімге енгізуге ұсынылған 21 номинациялық өтінімді мақұлдады.

    Ұлттық номинацияларды ЮНЕСКО-ның өңірлік тізіліміне әзірлеу тәжірибесі отандық мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, олардың түрлі елдердегі салалық мекемелердің және
    сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен байланыстарын кеңейтуге ықпал етті.

    Аталған оқиға еліміздің тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетуге және оның жаһандық деректі жады кеңістігіндегі орнын нығайтуға нақты үлес қосады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары