Қазақстан мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

    1 / 5

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан бойынша өңірлік өкілі Оливер Штольпені қабылдады.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Киберқылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, сыбайлас жемқорлыққа және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) өңірдегі трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша бірегей мамандандырылған құрылым ретіндегі маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

    Тараптар БҰҰ ЕҚБ-ның 2022–2027 жылдарға арналған Орталық Азия бойынша бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ келесі кезеңге арналған жаңа өңірлік бағдарламаны әзірлеуді қолдады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, әріптестікті одан әрі нығайтуға және практикалық іс-қимылды дамытуға өзара мүдделілігін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары