Ерлікке – 15 жыл: Жамбыл полицейлері Ғазиз Байтасовтың рухына тағзым етті
Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта Халық қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлікпен қаза тапқанына 15 жыл толуына орай еске алу шарасын өткізді.
Тағлымды жиынға департамент басшылығы мен жеке құрамы, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер және батырдың отбасы қатысты.
Қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев өз сөзінде Ғазиз Байтасовтың ерлігі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
«Оның ерлігі – Отанға адал қызмет пен антқа беріктіктің жарқын үлгісі. Біз батыр есімін әрдайым құрметтеп, ерлігін кейінгі ұрпаққа дәріптеуді жалғастыра беретін боламыз», – деді ол.
Батырдың ұлы Арманжан Байтасов өз кезегінде әке есімін ұлықтап, отбасына құрмет көрсеткен барша азаматтарға алғысын білдірді.
Еске алу рәсімі полиция қызметкерлерінің салтанатты саптық шеруімен жалғасты.
Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — аманат!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







