Түпқараған ауданында оқушылардың қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық кездесу өтті

    Түпқараған ауданында оқушылардың қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық кездесу өтті

    «Назар аударыңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы аясында Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақшұқыр мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында бопсалау, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен талқыланды. Полиция қызметкерлері аталған әрекеттердің жасөспірімдердің психологиялық жағдайына кері әсері туралы айтып, оқушыларға әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстау мәдениеті, қауіпсіздік ережелері және интернет кеңістігінде жеке мәліметтерді қорғау жолдарын түсіндірді.

    Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қолданатын айла-тәсілдері және олардан сақтану жолдары түсіндірілді. Бопсалау мен сталкинг жағдайларына тап болған кезде мұндай фактілерді жасырмай, дереу ата-анасына немесе құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігі ескертілді.

    Кездесу барысында есірткі құралдарының зияны, олардың адам денсаулығы мен болашағына тигізетін ауыр зардаптары туралы нақты мысалдар келтіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

    Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындауы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Профилактикалық кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Полиция қызметкерлері оқушыларды заң талаптарын сақтауға, қауіпсіздік ережелерін ескеруге және кез келген күмәнді немесе қауіпті жағдай туралы ересектерге дер кезінде хабарлауға шақырды.

    https://www.instagram.com/reel/DdESEj4ikOm/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары