«Заң мен тәртіп» қағидаты: мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    «Заң мен тәртіп» қағидаты: мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру мақсатында ауданның білім беру ұйымдарында әр бейсенбі сайын профилактикалық кездесулер тұрақты түрде өткізіледі.

    Кезекті профилактикалық кездесу Үсиір жалпы білім беретін мектебінде 7–11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

    Кездесу барысында жасөспірімдердің есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу, буллинг, топтық төбелес, ұрлық, зорлық-зомбылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтық жауапкершілік, қауіпсіз мінез-құлық және заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.

    Профилактикалық шараға ПБ ҚҚБ ҰАТ аға инспекторы, полиция майоры Ж. Кулова, осы бөлімшенің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты И. Аманкулова және ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Ә. Омарова қатысты.

    Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті түсініктемелер алды.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оқушылар арасында қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    https://www.instagram.com/reel/DdGie06OK7U/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары