♟️ «GOVERNMENT CHESS CUP 2026»: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ – ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА ҚҰРАМЫНДА

    Бүгін, 3 қыркүйекте мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат спортын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында «Government Chess Cup 2026» шахмат турнирі өтті.
    Турнирді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ұйымдастырды.
    Жарысқа мемлекеттік органдардың қызметшілері қатысып, шахматтан өзара бақ сынады.
    Турнир қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин «Абадан» командасының құрамында бақ сынап, І орынға ие болды.
    Бұл жеңіс – командалық бірліктің, өзара қолдаудың және стратегиялық ойлаудың нәтижесі.
    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары