Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
Жалпы ақпарат
2022 жылғы 8 тамыздағы 152
______________________________№__________
Орал қаласы город Уральск
«Батыс Қазақстан облысының
білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы
ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
- «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» және 2020 жылғы 13 мамырдағы №105 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.