Қызметкерлер — Созақ ауданы әкімінің аппараты

    Созақ ауданы әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы
    Қызметкерлер

    Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы

    Созақ ауданының әкімі

    Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы 1967 жылғы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы және шетел тілін меңгерген халықаралық экономикалық қатынастар маманы.

    Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы
    Қызметкерлер

    Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы

    Аудан әкімі аппараты басшысы

    Өмірдерегі Бакиров Абдуахат Абдисаматович 29 сәуір 1977 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққораған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2013 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Созақ аудандық бөлімшесінің жетекші маманы болып бастаған. 1999-2005 жылдары кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС- нің экономисті, 2007-2010 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2010-2013 жылдары аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2013-2015 жылдары аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 2015-2019 жылдары Созақ ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, 2019-2022 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2022 жылдың мамыр айынан қазірге дейін Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. Жанұялы.

    Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы
    Қызметкерлер

    Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы

    Созақ ауданының әкімінің орынбасары

    Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы 17 маусым 1971 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2004 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Экономист-финансист» мамандығы және 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Маманов Серік Сахиұлы
    Қызметкерлер

    Маманов Серік Сахиұлы

    Созақ ауданының әкімінің орынбасары

    Маманов Серік Сахиұлы 16 мамыр 1982 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2007 жыл М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

    Ешанқұлова Алтын Кунтуқызы
    Қызметкерлер

    Ешанқұлова Алтын Кунтуқызы

    Созақ ауданының әкімінің орынбасары

    Алтын Кунтуқызы 1984 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік–инновациялық университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Отдел Аппарата акима

    3
    Шекеева Ұлжан Жақсылыққызы
    Қызметкерлер

    Шекеева Ұлжан Жақсылыққызы

    Аудан әкімінің аппараты заң бөлімі

    Ұлжан Жақсылыққызы 1984 жылы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Жанас» өндірістік кооперативінде заңгер маманы болып бастаған. 2007-2008 «Жанас» өндірістік кооперативінде заң бөлімінің бастығы, 2008-2010 «Жанас» өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары, 2010-2015 Сервисный центр «Контроль, аналитика, метрология» ЖШС-де заңгер, 2015-2020 «UBT-зерде» ЖШС-де жетекші маман-заңгер, 2020-2021 Кентау қаласы әкімі аппараты заң және құқық қорғау органдары мен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, 2021-2022 Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маман міндетін уақытша атқарушы, 2022-2023 Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маманы қызметін атқарған.

    Ошақапов Шекербек Шералыұлы
    Қызметкерлер

    Ошақапов Шекербек Шералыұлы

    Құжаттандыруды қамтамасыз ету және әкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы

    Ошақапов Шекербек Шералыұлы 01 қаңтар 1982 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002-2007 жылы Тасты ауылы Абай атындағы орта мектебінің информатика және есептеу техника негіздері пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007-2009 жылдары Созақ ауданы Тасты ауылы әкімі аппаратының жетекші маманы 2009-2012 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы 09.11.2012-08.08.2013 жылдары Қыземшек кентінің әкімі 08.08.2013-24.10.2013 жылдары Қыземшек кенті әкімінің уақытша міндетін атқарушы 2013-2017 жылдары Қыземшек кент округінің әкімі 2017-2021 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы 2021 жылдан бүгінге дейін Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімнің бас маманы қызметін атқарды.

    Басқа қызметкерлер

    23
    Зейнулла Бекайдар Қайратұлы
    Бөлім басшысы

    Зейнулла Бекайдар Қайратұлы

    Созақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі

    Зейнулла Бекайдар Қайратұлы 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2019 жылы Алматы университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2019 жылы Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратында жастар практикасы бағдарламасы аясында бастап, мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе жинақтады. 2019 жылғы 5 қыркүйек пен 2020 жылғы 29 шілде аралығында Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінде статист қызметін атқарды. 2020 жылғы 30 шілдеден 2023 жылғы 28 наурызға дейін Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінде бас маман болып қызмет етті. 2023 жылғы 28 наурыз бен 2023 жылғы 11 тамыз аралығында Созақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

    Абраев Дәуіржан Джолдашұлы
    Қызметкерлер

    Абраев Дәуіржан Джолдашұлы

    Аким села Жуантобе

    Абраев Дауржан Джолдашович 1986 жылы 7 ақпанда Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «философия» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінде нұсқаушысы болып бастаған. 2009-2011 жылдары Жуантөбе ауыл әкімі аппаратының жетекші маман-бухгалтер бюджетті жобалау және орындау бойынша экономисті, 2011-2016 жылдары Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2016-2018 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы МКҚК директоры қызметтерін атқарған. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Жуантөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Жанұялы, 3 ұл-қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

    Айдарбеков Ербол Әбдашімұлы
    Қызметкерлер

    Айдарбеков Ербол Әбдашімұлы

    Экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Айдарбеков Ербол Абдашімұлы 1968 жылы 21 тамызда Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1991 жылы «Түркістан – банк» коммерциялық банкінің Кентау қаласындағы бөлімшесінде экономист болып бастаған. 1992-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық Банктің Шолаққорған селосындағы есеп-касса орталығының бастығы, 1994-1996 жылдары «Тұран банктың» Таукент бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары, 1996-1997 жылдары «Тандем» кіші кәсіпорынның коммерциялық директоры, 1997-1998 жылдары Созақ аудандық қаржы бөлімінің бас экономисті, 1998-2001 жылдары «Созақ-энерго» ЖШС-де бас есепшісі, 2001-2005 жылдары Созақ аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Созақ аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 2006-2007 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС-нің жоспарлау бойынша экономисті, 2007-2013 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС-нің жоспарлау экономика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Жанұялы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

    Байзақов Дулат Есәліұлы
    Қызметкерлер

    Байзақов Дулат Есәліұлы

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Байзаков Дулат Есалиевич 1987 жылы 22 наурызда Созақ ауданы, Қаратау ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2008 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Инженер-маркшейдер», 2011 жылы Академиялық Инновациялық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы «Таукент тау-химиялық кәсіпорны» ЖШС-нің инженері болып бастаған. 2012 жылы аудан әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің статисті, 2012-2014 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2014 жылы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің қаржы секторының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған. 2020 жылдың мамыр айынан бастап аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Байзаков Дулат Есалиевич мінезі сабырлы, қызметтестері арасында сыйлы, негізгі қызметтік міндеттері мен басқа да жүктелген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарай отырып, әрбір істі шешуде принципті позиция ұстанады.Әрбір мәселеге байсалды, ұқыпты талдаумен қарайтын және әділдік, нақтылық өзінің қызметтік қағидасына айналған мемлекеттік қызметкер. Жанұялы, 4 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

    Мыңжасаров Бекзат Бақытжанұлы
    Қызметкерлер

    Мыңжасаров Бекзат Бақытжанұлы

    Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

    Бекзат Бақытжанұлы 1993 жылы 8 маусымда ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Шымкент университетін 2014 жылы «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Шолаққорған ауыл әкімшілігінде нұсқаушысы болып бастаған. 2012-2013 жылдары аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде статист, 2013-2014 жылдары Құмкент ауылдық округі әкімі аппаратына әскери есеп столы жөніндегі бас маманы, 2014-2018 жылдары аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2018- 2022 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2023-2024 жылдары Созақ ауданы әкімінің көмекшісі, 2024 жылдың қаңтар айынан қазіргі күнге дейін Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

    Пәрдебекұлы Ғани
    Қызметкерлер

    Пәрдебекұлы Ғани

    Жер қатынастары бөлімінің басшысыі.

    Ғани Пәрдебекұлы 1980 жылы 21 мамырда ОҚО, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Жылу газбен қамту, желдету және ауа алабын қорғау» мен «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Созақ аудандық құрылыс, сәулет және көркейту, көгалдандыру бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2004-2005 жылдары Созақ аудандық сәулет және аумақтарда құрылыс салу бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары Созақ аудандық қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, 2006-2009 жылдары Созақ аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, 2009-2010 жылдары Созақ ауданы әкімінің көмекшісі, 2010-2012 жылдары Созақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі, 2012-2014 жылдары «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің Созақ аудандық филиалының аймақтық менеджері, 2015-2018 жылдары «Сырлы-Созақ» ЖШС-де заңгер, 19.04.2018-01.06.2018 жылдары Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенті, 2018-2019 жылдары Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы, 16.01.2019-09.08.2019 жылдары Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясында төраға орынбасары, 09.08.2019-24.10.2019 жылдары Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінің әкімінің міндетін уақытша атқарушы, 2019-2023 жылдары Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінің әкімі, 22.08.2023 жылдан бүгінге дейін Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    Раймқұлов Ерлан Болатханұлы
    Қызметкерлер

    Раймқұлов Ерлан Болатханұлы

    Ішкі саясат бөлімінің басшысы

    Райымқұлов Ерлан Болатханұлы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген. Білімі – жоғары. Еңбек жолын Созақ аудандық «Созақ үні» газетінде тілшісі болып бастаған. 2014-жылдан бері Созақ ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, аудан әкімі аппаратында бас инспектор, ауданы әкімі аппараты баспасөз қызметі бөлімінің басшысы, 2022 жылдың сәуір айынан қазіргі күнге дейін Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

    Аяпов Батырхан Қаныбекұлы
    Қызметкерлер

    Аяпов Батырхан Қаныбекұлы

    Аким села Созак

    Аяпов Батырхан Каныбекович 1978 жылы 15 қыркүйек Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2002 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Созақ аудандық сотының маман-экспедиторы болып бастаған. 2006-2007 жылдары Соттың маман-сот хатшысы, 2007 жылы аудандық соттың сот приставы, 2013-2019 жылдары Созақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері қызметтерін атқарған. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Созақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Жанұялы.

    Досымбеков Данияр Мақұлбекұлы
    Қызметкерлер

    Досымбеков Данияр Мақұлбекұлы

    Шу ауылының әкімі

    Досымбеков Данияр Макулбекович 1990 жылы 6 сәуірде Созақ ауданы, Шу ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2012 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 2015 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы «Тағай Ата» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған. 2013-2014 жылдары «Altyn Adam Agency» ЖШС-де оператор, 2015-2019 жылдары «Катко» ЖШС-де оператор қызметтерін атқарған. 2019 жылдың тамыз айынан бастап Шу ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді. Жанұялы.

    Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлы
    Қызметкерлер

    Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлы

    Шолаққоған ауылының әкімі

    Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлы 1989 жылдың 9 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану», 2014 жылы Көкше академиясын «Қаржы» мамандығы және 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-де іс жүргізуші болып бастаған. 2012–2018 жылдары аталған орталықта әдіскер, 2018 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілде айына дейін Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, 2022–2023 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, 2023 жылдың 25 желтоқсанынан бүгінге дейін Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    Естауов Саулет Әбіласанұлы
    Қызметкерлер

    Естауов Саулет Әбіласанұлы

    Қаратау ауылының әкімі

    Ермахан Оразхан Нысанбекұлы 1963 жылы 18 ақпанде Созақ ауданы, Қаратау ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1985 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Қаратау совхозында мал дәрігері болып бастаған. 1985-1989 жылдары, 1989-1994 жылдары Халық депутаттары Қаратау селолық атқару комитетінің хатшысы, 1994-2011 жылдары Қаратау ауылы әкімі аппаратының бас маман-іс басқарушысы, 2011-2012 жылдары Қаратау ауылы әкімінің кеңесшісі-іс басқарушысы қызметтерін атқарған. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Созақ ауданының Қаратау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Жанұялы.

    Жүсіпов Данияр Елшібекұлы
    Қызметкерлер

    Жүсіпов Данияр Елшібекұлы

    Жартытөбе ауылының әкімі

    Жүсіпов Данияр Елшібекұлы 1994 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін Технологиялық машиналар мен жабдықтар (мұнай және газ өндірісінің) мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғаш еңбек жолын 2016 жылы Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының арнайы тексерудің қорытындысына дейін уақытша бас маман салық инспекторы, статист болып бастап, 15.08.2016-16.10.2017 Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман салық инспекторы, статист, 16.10.2017-27.08.2023 Жартытөбе ауылдық округі әкімінің кеңесші іс басқарушысы маманы қызметін атқарған.

    Әбіл Марс Ерланұлы
    Қызметкерлер

    Әбіл Марс Ерланұлы

    Қыземшек ауылының әкімі

    Әбіл Марс Ерланұлы 1996 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014 жылы М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжін “Құқықтану”, 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін “Құқық және экономика негіздері” мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2018 жылдың қазан айында Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де бастап, 2019 жылғы 13 мамыр мен 2019 жылғы 24 шілде аралығында Созақ ауданы әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып қызмет атқарған. 2019 - 2024 жылдар аралығында Созақ ауданы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маманы, 2024 жылдың 1 тамызынан бастап Созақ ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы, 2024 жылдың 26 қыркүйегінен бүгінге дейін Қыземшек кенті әкімінің кеңесшісі, іс басқарушысы қызметін атқарған.

    Жаппарқұлов Базар Рахманбердіұлы
    Қызметкерлер

    Жаппарқұлов Базар Рахманбердіұлы

    Сызған ауылының әкімі

    Жаппарқұлов Базар Рахманбердіұлы – 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Көкшетау университетін, 2012 жылы Қазақ-Кувейт университетін «Заңтану» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Даулетбаев Елдос Орынбасарұлы
    Қызметкерлер

    Даулетбаев Елдос Орынбасарұлы

    Таукент ауылының әкімі

    Даулетбаев Елдос Орынбасарұлы 1990 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Қарақұр ауылдық округі, Раң ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Технологиялық машиналар мен жабдықтар" мамандығы, 2015 жылы Шымкент университетін "Экономика" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғаш еңбек жолын 2013 жылы Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында бастап, 02.2018 - 06.2018 жылдары Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары, 06.2018 - 11.2020 жылдары Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында мониторинг бөлімінің басшысы, 11.2020 - 06.2023 жылдары Созақ аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, 07.2023 жылдан бүгінге дейін Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ-нің Созақ аудандық Мансап орталығы филиалының директоры қызметін атқарған. Жанұялы.

    Балықбаев Ерзат Орынбасарұлы
    Қызметкерлер

    Балықбаев Ерзат Орынбасарұлы

    Құмкент ауылының әкімі

    Балықбаев Ерзат Орынбасарұлы 1971 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжі мен Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін Техник-электромеханик, Құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Алғаш қызмет жолын 1992 жылы «Құмкент» совхозы №1 фермаға қызылша егу звеносына жетекші ретінде бастап, 1994-2004 МТМ-ге механизатор, 2004-2006 №1 фермаға звено жетекші, 2006-2008 ТЖ шеберханасында электрик, 2012-2018 «Азиз» шаруа қожалығында атқарушы директоры, биылғы жылдың наурыз айынан бері Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімшілігінде статист маман қызметін атқарған. Жанұялы.

    Тлеулинов Манас Бейсенбайұлы
    Қызметкерлер

    Тлеулинов Манас Бейсенбайұлы

    Тасты ауылының әкімі

    Тлеулинов Манас Бейсенбайұлы 1975 жылы 12 қарашада Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1997 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «физика» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Абай атындағы жалпы орта мектебі физика пәні мұғалімі болып бастаған. 2013 жылы Абай атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары Созақ ауданы Тасты ауылы Абай атындағы жалпы орта мектеп директоры, 2017-2019 жылдары Шу ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. 2019 жылдың шілде айынан бастап Тасты ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді. Жанұялы.

    Садырханов Жеңіс Жауғаштыұлы
    Қызметкерлер

    Садырханов Жеңіс Жауғаштыұлы

    Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі

    Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі - мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді. Жалпы ақпарат, білімі Туған кезі 1981 жылғы 9 мамыр Туған жері Оңтүстік-Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолақ-қорған ауылы Ұлты қазақ Білімі жоғары білім Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы 2002 жыл - Қазақ гуманитарлық заң университеті; 2006 жыл - Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Мамандығы құқықтану; құқықтану (магистр) Мансап Күні қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері қабылданған босатылған 23.12.2002 12.02.2003 бас маман-сот мәжілісі хатшысының м.а., Оңтүстікі Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы 12.02.2003 07.02.2005 бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы 07.02.2005 04.12.2006 бас маман, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кадрлық жұмыс басқармасының талдау, мониторинг және кадрлық қамтамасыз ету бөлімі, Астана қаласы 04.12.2006 01.04.2008 бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті талдау және Нормативтік құқықтық актілерді бақылау басқармасының нормативтік құқықтық актілерді бақылау бөлімі, Астана қаласы 01.04.2008 06.05.2009 бас сарапшы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің нормативтік құқықтық актілерді бақылау секторы, Астана қаласы 06.05.2009 14.12.2009 бас сарапшыс, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Талдау және нормативтік құқықтық актілерді бақылау басқармасы, Астана қаласы 11.12.2009 23.02.2010 прокурор, Қазақстан Республкасы Бас Прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық ортадағы заңдылықты бақылау департаменті экономика саласындағы заңдылықты бақылау басқармасының есептік-кредит саласындағы заңды қолдануды бақылау бөлімі, Астана қаласы 03.11.2010 22.11.2013 бас маман-басшы, «KEGOC» АҚ-ның филиалы кадр, ішкі қауіпсіздік, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар және мобильдік жұмыс секторы, Астана қаласы 25.11.2013 26.06.2017 бас менеджер, «Бәйтерек» Ұлттық басқарма холдингі АҚ-ның адами ресурстарды басқару департаменті, Астана қаласы 26.06.2017 12.06.2019 әкімшілік-заң жұмысын басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, Астана қаласы 13.06.2019 12.08.2019 әкім орынбасарының м.а., Алматы қаласының Алатау ауданы, Алматы қаласы 13.08.2019 06.07.2021 әкімнің орынбасары, Алматы қаласының Алатау ауданы, Алматы қаласы 07.07.2021 04.09.2022 басшының орынбасары, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті, Шымкент қаласы 06.09.2022 02.04.2024 басшының орынбасары, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы 12.04.2024ж Б.к.д. Түркістан облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

    Аманов Ербол Нышанәліұлы
    Қызметкерлер

    Аманов Ербол Нышанәліұлы

    Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Ербол Нышанәліұлы 1989 жылы Созақ ауданы, Қарақұр ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, ал 2019 жылы Шымкент университетін Құрылыс және Экономика мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Қызметкерлер

    Ниязәлі Мерей Ниязәліұлы

    Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

    МЕРЕЙ НИЯЗӘЛІҰЛЫ 1989 жылы Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін 2010 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңгері болып бастаған, 2014-2017 жылдары Созақ ауданы әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарған. Жанұялы.

    Махашбаев Бағдат Талғатұлы
    Бөлім басшысы

    Махашбаев Бағдат Талғатұлы

    Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

    Махашбаев Бағдат Талғатұлы 1993 жылы 1 мамырда ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2018 жылы Орталық Қазақстан Академиясын «Техника және технология» мен «Құқықану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2016 жылы Созақ ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің арнайы тексерудің оң қорытындысына дейін уақытша бас маманы болып бастап, 06.04.2017 жылдан бүгінге дейін Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.