Әбіл Марс Ерланұлы

    Қыземшек ауылының әкімі

    Әбіл Марс Ерланұлы
    Аким

    Әбіл Марс Ерланұлы

    Қыземшек ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Әбіл Марс Ерланұлы 1996 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014 жылы М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжін “Құқықтану”, 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін “Құқық және экономика негіздері” мамандықтары бойынша тәмамдаған.
    Еңбек жолын 2018 жылдың қазан айында Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де бастап, 2019 жылғы 13 мамыр мен 2019 жылғы 24 шілде аралығында Созақ ауданы әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып қызмет атқарған.
    2019 - 2024 жылдар аралығында Созақ ауданы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маманы, 2024 жылдың 1 тамызынан бастап Созақ ауданы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы, 2024 жылдың 26 қыркүйегінен бүгінге дейін Қыземшек кенті әкімінің кеңесшісі, іс басқарушысы қызметін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері