
Әкімінің орынбасары
Мейірманов Қайырбек Сәрсенбекұлы
Созақ ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Қайырбек Сәрсенбекұлы 1986 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша, 2013 жылы Шымкент университетін «Агроном бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы бас маман – мал дәрігері қызметінен бастаған. Әр жылдары Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман, аудан әкімінің көмекшісі, аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету және шаруашылық бөлімінің басшысы, ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2017 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 2 қазанға дейін Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды. 2025 жылғы 21 қазаннан бастап Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.





