
Заместитель акима
Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы
Созақ ауданының әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы 17 маусым 1971 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2004 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды «Экономист-финансист» мамандығы және 2018 жылы Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Жезді суландыру жүйесі басқармасының есепшісі болып бастаған, 1994-1999 жылдары Теріскей селолық әкімшілігінің орталықтандырылған есеп бөлімінің есепшісі, іс-басқарушысы, 1999-2006 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі, 2006-2010 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлар жұмыс бөлімшесінің жетекшісі, 2010 жылдың желтоқсан айынан қазірге дейін аудан әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
Жанұялы.



