Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы

    Аудан әкімі аппараты басшысы

    Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы
    Руководитель аппарата

    Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы

    Аудан әкімі аппараты басшысы

    Өмірбаян

    Өмірдерегі

    Бакиров Абдуахат Абдисаматович 29 сәуір 1977 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққораған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2013 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Созақ аудандық бөлімшесінің жетекші маманы болып бастаған. 1999-2005 жылдары кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бас маманы, 2005-2006 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС- нің экономисті, 2007-2010 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2010-2013 жылдары аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2013-2015 жылдары аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, 2015-2019 жылдары Созақ ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы, 2019-2022 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2022 жылдың мамыр айынан қазірге дейін Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

    Жанұялы.

    Өмірдерегі

    Бакиров Абдуахат Абдисаматұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы

    5.1. Аудан әкімі аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы мен штаттық саны туралы ұсыныстарды жасап, аудан әкіміне береді;

    5.2. Аппаратта, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді еңбек заңнамаларына сәйкес жұмысқа қабылдауды, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу, босатуды және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

    5.3. Аппараттың құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды;

    5.4. Аудан әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін жасайды және аудан әкіміне шешім, өкім және басқа материалдарды дайындап береді;

    5.5. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды, оны әділет органдарында тіркеуді, ресми жариялануын бақылауды және тіркелген актілерге мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді;

    5.6. Аудан әкімі аппаратының аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, жергілікті атқарушы органдарымен, саяси партиялар және қозғалыстармен, басқа қоғамдық және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді;

    5.7. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

    5.8. Аудан әкімінің қатысуымен өтетін мәжілістерге қатысады;

    5.9. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдері туралы ережелердің және аппарат қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын алдын ала аудан әкімінің орынбасарларымен келісіп қарайды және аудан әкіміне бекітуге енгізеді;

    5.10. Аппарат басшысының құзыреті шеңберіндегі қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды;

    5.11. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін іс-сапарларға жібереді;

    5.12. Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    5.13. Аппарат және аудандық бөлімдерде Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс және аудан әкімі өкімдері мен шешімдерінің, облыстық және аудандық әкімдіктер қаулыларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

    5.14. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес сайлау жұмыстарын ұйымдастырады;

    5.15. Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын үйлестіреді;

    5.16. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін толыққанды қолдануға жауапты болады;

    5.17. Еңбек қатынастары мәселелері бойынша қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешу;

    5.18. Бекітілген регламентке және ережелерге сәйкес ауылдық округтері, кенттері әкімдерінің, аудан әкімдігінің бөлімдерінің жұмысын және әрекет етуін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

    5.19. Аудан әкімі аппаратының, аппараттың құрылымдық бөлімдерінің, ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың, ауылдық округтері мен кенттері әкімі аппараттарының қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

    5.20. Кадрлық мәселелер бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді. Кадрлар резервін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік наградаларға ұсыну жұмыстарын жүзеге асырады;

    5.21. Құжаттамамен қамтамасыз етудің орындалуын бақылау мен тексеруді жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, әкімдіктің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың мәжілістерін дайындауға, аудан әкімінің хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

    5.22. Іс-жүргізуді ұйымдастыруды және құпия құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік кесімдерді іске асыру жөнінде атқарушы органдар жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәжірибесін жақсарту туралы ұсыныстар енгізеді;

    5.23. Азаматтардың хаттары мен өзге де өтініштерін, жоғары тұрған атқарушы органдардың тапсырмаларын қарауды қамтамасыз етеді;

    5.24. Сайлау мәселелері бойынша тиісті шараларды ұйымдастырып, аудан әкіміне баяндайды. Хаттар мен ұсыныстарға, өтініштерге өз құзіреті шегінде қарап, жауап береді.

    5.25. Дене шынықтыру және спорт мәселелері;

    5.26. «Дене тәрбиесі және спорттық іс-шаралар» бағдарламасын жүзеге асыру, спорт саласына қатысты жұмыстарды үйлестіру.

    Мына мекемелердің жұмысын үйлестіреді:

    • Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі;
    • Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Созақ аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» КММ
    • Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Созақ аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі» КММ

    Аудан әкімі аппаратындағы мына құрылымдық бөлімдерінің:

    1. Ұйымдастыру - инспекторлық бөлімі;
    2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі;
    3. Құжаттандыруды қамтамасыз ету және әкімшілік шаруашылық бөлімі;
    4. Заң бөлімі;
    5. Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі;

    Мыналардың:

    • Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын иеленуге конкурс өткізу жөнінідегі комиссия;
    • Бағалау жөніндегі комиссия;
    • Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссия;
    • Тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларының құжаттарының тиісті заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайды, аталған комиссиялардың жұмысын үйлестіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері