
Маманов Серік Сахиұлы
Созақ ауданының әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Маманов Серік Сахиұлы 16 мамыр 1982 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2007 жыл М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте үйірме жетекшісі болып бастап, 2005-2008 жылдары Созақ аудандық білім бөлімі әдіскерлік кабинетінің әдіскері, 2008-2011 жылдары Т.Әлімқұлов атындағы №14 лицей интернатында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, 2011-2018 жылдары Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-нің басшысы, 2018-2021 жылдары Сызған ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» МКК директоры, 2022 жылдан бүгінге дейін Таукент кентінің әкімі қызметін атқарған.



