
Зейнулла Бекайдар Қайратұлы
Созақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі
Өмірбаян
Зейнулла Бекайдар Қайратұлы 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2019 жылы Алматы университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратында жастар практикасы бағдарламасы аясында бастап, мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе жинақтады.
2019 жылғы 5 қыркүйек пен 2020 жылғы 29 шілде аралығында Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінде статист қызметін атқарды.
2020 жылғы 30 шілдеден 2023 жылғы 28 наурызға дейін Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінде бас маман болып қызмет етті.
2023 жылғы 28 наурыз бен 2023 жылғы 11 тамыз аралығында Созақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде бас маман қызметін атқарды.





