Айдарбеков Ербол Әбдашімұлы

    Экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Айдарбеков Ербол Әбдашімұлы
    Руководитель отдела

    Айдарбеков Ербол Әбдашімұлы

    Экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Айдарбеков Ербол Абдашімұлы 1968 жылы 21 тамызда Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген.

    Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Алғашқы еңбек жолын 1991 жылы «Түркістан – банк» коммерциялық банкінің Кентау қаласындағы бөлімшесінде экономист болып бастаған. 1992-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық Банктің Шолаққорған селосындағы есеп-касса орталығының бастығы, 1994-1996 жылдары «Тұран банктың» Таукент бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары, 1996-1997 жылдары «Тандем» кіші кәсіпорынның коммерциялық директоры, 1997-1998 жылдары Созақ аудандық қаржы бөлімінің бас экономисті, 1998-2001 жылдары «Созақ-энерго» ЖШС-де бас есепшісі, 2001-2005 жылдары Созақ аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Созақ аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 2006-2007 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС-нің жоспарлау бойынша экономисті, 2007-2013 жылдары «Реммонтажсервис» ЖШС-нің жоспарлау экономика бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған.

    2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Жанұялы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері