
Өмірбаян
Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлы 1989 жылдың 9 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2011 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Су ресурстары және суды пайдалану», 2014 жылы Көкше академиясын «Қаржы» мамандығы және 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ-де іс жүргізуші болып бастаған. 2012–2018 жылдары аталған орталықта әдіскер, 2018 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілде айына дейін Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, 2022–2023 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, 2023 жылдың 25 желтоқсанынан бүгінге дейін Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.





