Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган саналады.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мынадай ведомстволары бар:

    1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті;

    2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;

    3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті;

    4) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Horizon Europe: Астанада өтетін ақпараттық және нетворкинг сессиясы

    🌍 Астанада өтетін Horizon Europe бағдарламасының ақпараттық және нетворкинг сессиясына шақырамыз! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Еуропалық комиссияның Global Service Facility ұйымымен бірлесіп халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан қазақстандық ғалымдар, инноваторлар және ғылыми ұйымдардың басшылары үшін ауқымды іс-шара өткізеді. 📅 Күні: 7 қазан 2026 жыл ⏰ Уақыты: 09:00-17:15 (Астана уақыты) 📍 Өтетін орны: QAIRU (Qazaq AI Research University), Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, EXPO, B 2.2 блогы Іс-шара барысында Horizon Europe бағдарламасының 2027 жылға арналған жұмыс бағдарламалары шеңберіндегі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынылады. Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады: 🔹 Таңғы сессия (09:00-13:00) Сессия Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жобаларының портфелін қалыптастыруға бағытталады. Сарапшылар негізгі тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат береді: – критикалық маңызды шикізат материалдары (CRM); – жасанды интеллект (AI); – ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар қазақстандық ұйымдардың еуропалық консорциумдарға COST, MSCA және EUREKA бағдарламалары арқылы интеграциялану мүмкіндіктері қарастырылады. 🔹 Күндізгі сессия (14:00-17:15) 2027 жылға арналған жобалық өтінімдерін әзірлеп жатқан командаларға арналған практикалық семинар. Іс-шара сарапшылардың жетекшілігімен екі шағын топта интерактивті форматта өткізіледі. Қатысушылар: – жобалық өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігі; – консорциум құрамын қалыптастыру; – бюджетті жоспарлау; – Excellence / Impact бағалау критерийлері бойынша практикалық кері байланыс алады. Іс-шараға зерттеушілер, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, мемлекеттік және жеке сектордың өкілдері қатыса алады. 🔗Қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелу формасы: https://forms.gle/nJ6EZQFVLEKqMdnH8 #HorizonEurope

    7 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және жоғары білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» тақырыбына интернет-конференцияны өткізетінін хабарлайды. https://dialog.egov.kz/conference/5988 сілтеме бойынша аталған интернет-конференция қолжетімді. Интернет-конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз.

    31 тамыз 2026 ж. – 14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекеттік органның ғылым және жоғары білім саласындағы ашықтығы» тақырыбына сауалнама өткізілетінін хабарлайды. Аталған сауалнама https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7045 сілтемесі бойынша қолжетімді. Қатысуларыңызды сұраймыз.

    6 мамыр 2026 ж. – 20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Халықтың жаңа жиынтықтарға деген қажеттіліктерін анықтау және ашық деректерді пайдалану» тақырыбына интернет-конференцияны өткізетінін хабарлайды. Аталған интернет-конференция https://dialog.egov.kz/conference/5877 сілтемесі бойынша қолжетімді. Осы интернет-конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз. Біз сіздің ұсыныстарыңызды күтеміз.

    6 мамыр 2026 ж. – 20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит

    ҒЖБМ Орталық Азияның климаттық шешімдерін қалыптастыруда ғылым мен инновациялардың рөлі бойынша стратегиялық сессия өткізеді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Өңірлік экологиялық саммит аясында «Аймақтық климаттық шешімдерді қалыптастыруда академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында сессия өткізеді. Сессия Орталық Азияның тұрақты дамуын және климаттық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ғылымның, инновациялардың және оның ішінде жасанды интеллект сияқты алдыңғы қатардағы технологиялардың рөлін талқылау үшін маңызды орын болады. Жаһандық климаттық сын-қатерлердің күшеюі, технологиялық бәсекелестіктің өсуі, «жасыл» және цифрлық экономикаға өту кезеңінде жүйелік трансформациялардың қозғаушы күші, болжау құралы және стратегиялық шешімдерді қабылдау негізі ретінде ғылым жаңа маңызға ие болады. Сессия аясында: ✔ жасанды интеллект пен үлкен деректерді климаттық модельдеу және табиғи ресурстарды басқаруда қолдануға; ✔ климаттық және экологиялық технологияларды дамытуға (climate tech, clean tech); ✔ аймақтық инновациялық экожүйелер мен ғылыми платформаларды қалыптастыруға; ✔ ғылым, бизнес және мемлекеттің интеграциясы шешімдерін жылдам енгізуді жеделдетуге; ✔ адам капиталын дамыту және жаңа буын мамандарын даярлауға ерекше назар аударылады. Ғылыми қауымдастықтың дамудың ұзақ мерзімді сценарийлерін қалыптастырудағы және аймақтардың климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттырудағы рөлін талқылау жеке бағыт болады, оның ішінде су қауіпсіздігі, экожүйелердің деградациясы және трансшекаралық ресурстарды басқару мәселелері де қарастырылады. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен университеттердің өкілдері қатысады, оның ішінде COMSTECH, ХҒТО, Қазақстан және Орталық Азия университеттері мен Еуропалық зерттеу институттары бар. Сессия ғылыми ынтымақтастықтың жаңа форматтарын қалыптастыруға, инновациялық жобаларды дамытуға және ғылымды, технологияларды және саясатты интеграциялауға бағытталған бастамаларды іске қосуға, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік климаттық орталығын құруға арналған серпіліс болады деп күтілуде.

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ 2026 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглованың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Алматы қаласы, Достық көшесі 13 көшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, бас корпус мекенжайы бойынша өтеді. Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады. Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді [email protected] электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

    17 сәуір 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жасанды интеллект бойынша даярлық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында білім алушыларды қамтиды ма, әлде жасанды интеллектіні тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушылар ғана оқиды ма?

    Жауап

    Жасанды интеллект саласындағы даярлық тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушыларды ғана емес, сонымен қатар таңдалған білім беру бағдарламасына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім алушыларын да қамтиды. Мұндай тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 маусымдағы №1311 Жарлығымен бекітілген Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясында бекітілген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2600001311 . «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028916 , ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану құзыреттерін меңгеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Мысал: Алматы қаласынан А. деген азамат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытына жатпайтын даярлау бағыты бойынша білім беру грантын енді ғана иеленіп, оқу барысында ЖЖОКБҰ-да жасанды интеллект саласында қосымша базалық құзыреттерді меңгере аламын ба деген сұрақпен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінді. Өтініш берушіге даярлау бағытына қарамастан, ЖЖОКБҰ білім алушылары үшін цифрлық сауаттылықтың базалық деңгейі қарастырылғаны түсіндірілді.

    Сұрақ

    Неліктен Ұлттық бірыңғай тестілеу балы жоғары талапкер мемлекеттік білім беру грантын алмай, ал төмен балы бар басқа талапкерге грант тағайындалатын жағдайлар кездеседі?

    Жауап

    «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345 гранттарды тағайындау Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес нақты білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Алайда, кейде ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектер білім беру гранттарынсыз қалып жатады. Бұл гранттардың бәсекелестік жүйеде таңдалған мамандықтардың кезектілігі және мемлекеттің кадрларға деген қажеттілігінің болжамдары негізінде қалыптасатын шектеулі орындар саны бойынша бөлінуіне байланысты. Жоғары балл – бұл автоматты түрде грант алу құқығы емес, тек өлшемшарттардың бірі ғана. Жыл сайын денсаулық сақтау, құқық, қаржы, маркетинг, халықаралық қатынастар, журналистика, математика мұғалімдері, шет тілдері, криптология сияқты мамандықтарға тұрақты түрде жоғары конкурс сақталады. Іс жүзінде бір орынға 7-ден 35 адамға дейін үміткер болады. Сонымен бірге конкурсқа өтініш беру кезінде талапкерлерде төрт мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігі бар, бұл олардың тек бірінші таңдауы бойынша емес, сонымен қатар әлеуметтік мәртебесі мен басқа да жетістіктерін ескере отырып, басқа таңдаулары бойынша да білім беру грантын алу мүмкіндігін кеңейтеді. Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ел экономикасы үшін кадрларға деген қажеттіліктің орта мерзімді болжамына сүйенетінін атап өткен жөн. Тиісінше, жоғары балы бар талапкерлердің барлығы бірдей білім беру грантын ала алмайды. ҰБТ-ның жоғары нәтижелері маңызды, бірақ Қазақстан Республикасында білім беру гранттары орындар санымен және экономиканың қажеттілігімен шектелген конкурстық бөлініс шеңберінде беріледі. Сондықтан ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары нәтижелері бар кейбір дарынды түлектер білім беру грантынсыз қалады. 1-мысал: Қанаттың ҰБТ балы – 100. Ол «B057 Ақпараттық технологиялар» БББТ көрсетті. Бұл БББТ бойынша шекті балл 95 болды. Білім беру гранттары бөлінген, конкурс бір орынға 5 адамды құрады. Қанатқа білім беру гранты тағайындалды. Нұрсұлтанның ҰБТ балы – 125. Ол «B140 Халықаралық қатынастар және дипломатия» БББТ көрсетті. Бұл БББТ бойынша шекті балл 128 болды, ал бүкіл республика бойынша бары-жоғы 20 грант бөлінген. Конкурс бір орынға 35 адамды құрады. Нұрсұлтанның ҰБТ балы Қанаттан жоғары болса да, грантқа өте алмады. 2-мысал: Әли ҰБТ-дан 85 балл жинады. Бұл жалпы конкурс бойынша «B009 Математика мұғалімдерін даярлау» БББТ бойынша шекті балдан (100 балл) төмен. Бұған қарамастан Әли ауылдық жерден болғандықтан, ауыл жастарына арналған қабылдау квотасы бойынша өтініш берді. Квота бойынша шекті балл 80 болды. Нәтижесінде Әли білім беру грантын алды. Қалалық балаларда ауылдық квота болмағандықтан, 90 балмен білім беру грантына өте алмады.

    Сұрақ

    Білім беру гранттарын алу конкурсында балдар тең болған кезде кім басым құқыққа ие болады?

    Жауап

    «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345 гранттарды тағайындау Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттарының балдарына сәйкес нақты білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі – БББТ) бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Білім беру гранттарын алу конкурсын өткізу кезінде, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар құрамына қабылдау кезінде балдар тең болған жағдайда, мынадай кезектілік бойынша басым құқық беріледі: 1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар; 2) Отаншылдығы мен белсенді азаматтық позициясы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған адамдар; 3) біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдар; 4) Оқу-ағарту министрлігі белгілейтін тізбеге сәйкес соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы), сондай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, таңдаған мамандығы олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары (I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталған); 5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығысыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсететін көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар балалар және үздік білім туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар. «Алтын белгі» белгісінің немесе олимпиада жүлдегері мәртебесінің болуы Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарын алмастырмайтынын, ал тестілеу нәтижелері бірдей үміткерлер арасында білім беру грантын бөлу кезінде анықтаушы фактор болып табылатынын атап өткен жөн. Мысал: 2026 жылы «В049 Құқық» білім беру бағдарламалары тобы бойынша бөлінген гранттардың соңғы орнына ҰБТ нәтижесі бойынша 118 балл жинаған екі талапкер үміткер болды. Талапкердің бірі «Алтын белгі» иегері (немесе республикалық олимпиада жүлдегері) болса, екіншісінде әдеттегі аттестат болған. Конкурс нәтижесінде грант «Алтын белгі» иегеріне берілді. Мұндай нәтиже неліктен тіркелді? Бұл нәтиже конкурс қатысушыларының балдары тең болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басым құқықты жүзеге асыруға байланысты.

    Сұрақ

    Мемлекеттік органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қалай оқуға түсе алады?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын бере отырып және (немесе) білім беру грантын тағайындай отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мүгедектік белгіленген қызметкерлер туралы растайтын құжаттары бар, конкурстан тыс білім беру грантын алуға үміткерлер туралы мәліметтерді орталық мемлекеттік органдар ұсынады. Мысал: Он бірінші сыныпта оқитын Дастанның әкесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) сержант болып қызмет атқарған және осыдан үш жыл бұрын қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан. Дастан мектепті аяқтаған бойда Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Дастанды конкурстан тыс мемлекеттік грант алуға үміткерлер тізіміне енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті үміткерлер тізімін қалыптастырып, бекіту үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жібереді.

    Сұрақ

    Кемінде үш жыл толық емес отбасылардан шыққан отбасы мәртебесі бар балалар үшін қандай жеңілдіктер бар?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 8) тармақшасына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 білім беру грантын беру конкурсын өткізу кезінде кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларды қабылдау квотасы көзделген. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №357 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033174 осы санат үшін квота көлемі гранттардың жалпы санынан пайыздық қатынаста бекітілген және ол 3%-ды құрайды. Осылайша, толық емес отбасылардан шыққан талапкерлер (ата-анасының біреуі тәрбиелеп отырған) мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады. Конкурс 13–20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында жүзеге асырылады. Мысал: Он жеті жасар Даниярдың ата-анасы некесін үш жыл бұрын бұзған, оны анасы жалғыз тәрбиелеп отыр. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін Данияр негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, күнтізбелік жылғы 13-20 шілде аралығында ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары арқылы немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: баланың туу туралы куәлігі, мерзімі кемінде үш жылды құрайтын некені бұзу туралы куәлік, анасының қайтадан некеге тұрмағаны туралы анықтама. ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарастырып, Даниярды квотасы бар талапкерлер тізіміне енгізеді.

    Сұрақ

    Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін қандай жеңілдіктер бар?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 білім беру грантын беру конкурсын өткізу кезінде төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін қабылдау квотасы көзделген. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033174 аталған санат үшін квота көлемі гранттардың жалпы санынан пайыздық қатынаста бекітілген және ол 5%-ды құрайды. Осылайша, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасынан шыққан талапкерлер мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініш бере алады. Конкурс 13–20 шілде аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында жүзеге асырылады. Мысал: Он жеті жасар Әлияның 14 және 11 жастағы екі інісі және 5-6 жастағы екі сіңлісі бар. Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін Әлия негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, күнтізбелік жылғы 13-20 шілде аралығында ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары арқылы не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы онлайн форматында өзінің кәмелетке толмаған бауырларының құжаттарын ұсынуы тиіс: барлық балалардың туу туралы куәліктері, ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары және мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі (бар болса). ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарастырып, Әлияны квотасы бар талапкерлер тізіміне енгізеді.

    Ақпарат

    Информация Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан о реализации принятых законодательных актов на 30 октября 2026 года

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы ақпараты

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы №135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 493 бұйрығы

    Жарияланды:
    Бюджет

    2026 жылға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджеті

    Жарияланды:
    Есеп

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылы ІІІ тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

    Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 27 мемлекеттік қызмет кіреді. Есепті кезеңде (2026 жылғы 3-тоқсанда) Ғылым және жоғары білім саласында 108249, оның ішінде 108 082 жеке, 167 – заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны 3 тоқсанда – 1537 оның ішінде электрондық түрде – 1293, қағаз жүзінде 244 («Білім туралы құжаттарды тану», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу», «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшн құжаттар қабылдау, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың мәліметтерін өзетендіру (түзету)», «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінг білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»), «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізгі себептері: - білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды ұсынбау; - өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; - мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; - ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы. Бас тартудың негізделген заңды сипаты бар екенін хабарлаймыз. Есептік кезеңде ғылым және жоғары білім саласымен көрсетілетін қызметтерге қанағаттанбауы бойынша жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс

    «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Қоғамның орналасқан мекенжайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А. Негізгі қызмет түрі – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету. Қызмет мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби тұрғыдан жетілдіруге, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алуға, оқыту мен оқытуды жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; 2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілінің болуы; Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар жіберілмейді: - жиырма бес жасқа толмаған; - бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; - өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; - медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа қатысу үшін үміткер мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысандағы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) белгіленген нысандағы 3х4 өлшемдегі түрлі түсті фотосуреті бар қызметтік тізім; 4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері; - Қазақстан Республикасы азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелерімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі; бұған Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болып табылатын азаматтарға шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар, сондай-ақ білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын құжаттар кірмейді; - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі; - білім туралы құжаттарды өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі. 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың жұмыс орны бойынша (қолданыстағы немесе соңғы) кадр қызметі куәландырған көшірмесі; 6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды) № 075у нысаны бойынша; 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар тапсырылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар тапсырылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағандығын растайтын құжат. Конкурсқа қатысуға үміткерлер өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтер). Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі. Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімде келесі мекенжайға ұсынылуы тиіс: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, бас әкімшілік ғимарат, Корпоративтік хатшыға (202 кабинет), телефон: +77776117112, [email protected]

    Жарияланды:
    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 465 бұйрығы

    Жарияланды: