Құрылым — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Тіл саясаты комитеті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

    «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатынасуына құқығы бар.

    language
    Ғылым комитеті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті – бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыреті шегінде ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ оның құзыретіне кіретін саладағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын бөлім.

    science
    Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады, Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады, өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ-нің Ережесін басшылыққа алады. Мақсаттары: государственный орган құзыреті шегінде ғылым, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін сырттай бағалау жолымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау.

    quality
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті

    Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Комитеттің мақсаттары: 1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

    education