Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Жалпы ақпарат

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады, Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады, өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» РММ-нің Ережесін басшылыққа алады.

    Мақсаттары:

    государственный орган құзыреті шегінде ғылым, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру жүйесін сырттай бағалау жолымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» форумы

    Астанада Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жыл сайынғы Форум өтеді. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев Университетімен бірлесіп 2026 жылғы 15-16 қаңтарда Астана қаласында өтетін «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты жыл сайынғы форумның өткізілетіні туралы хабарлайды. Форум шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, оны одан әрі жетілдіруге тетіктер әзірленеді. Форум шеңберінде: QAA, ASIIN және НААР аккредиттеу агенттіктерінің қатысуымен халықаралық воркшоптар; PhD докторанттарды даярлау сапасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын реттеуші және рұқсат беру саясаты мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар; Министрлік басшылығының, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өткізу қарастырылған. Форумға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары мен проректорлары, бейінді бөлімшелердің басшылары, диссертациялық кеңестердің төрағалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы сарапшылар қатысады. Форум қорытындысы бойынша жоғары білім беру жүйесінде сапа мәдениетін нығайтуға және білім беру мен ғылыми қызметті бағалаудың тиімді тетіктерін дамытуға бағытталған ұсыныстар мен шараларды әзірлеу жоспарлануда.

    15 қаңтар 2026 ж. – 16 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы аумағында Білім туралы құжаттарды тану мәселесі бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймын?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау болып табылады. Тану рәсімінен өту біздің елдің азаматтарының да, шетел азаматтарының да одан әрі жұмысқа орналасуы немесе білімін жалғастыруы үшін Қазақстан Республикасының аумағында білімі туралы шетелдік құжаттың күшіне енуі үшін қажет. Білім туралы құжаттарды тану рәсімі мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарды тану қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі. Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жүзеге асырады. Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz ресми сайтынан немесе 87172 28-75-21, 28-75-27 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.

    Сұрақ

    Қосымша білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет пе?

    Жауап

    Қосымша білім беру саласындағы қызмет лицензиялауға жатпайды. Қосымша білім беру – оқушылардың, тәрбиеленушілердің және мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 1-тармағы және 23-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай: 1) жалпы білім беру (типовой, жұмыс); 2) кәсіби (типовой, жұмыс); 3) қосымша. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына қарай келесі бағдарламаларға бөлінеді: 3) оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру; 4) мамандардың біліктілігін арттыру, қазіргі талаптарға сай кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған; 2-1) мамандарды қайта даярлау, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілік алуға бағытталған; 5) постдокторантура, жетекші ғалымның басшылығымен мамандық бойынша ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған. Заңның 5-3-бабының 6-тармақшасына, сондай-ақ, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-қосымшасына сәйкес білім беру саласында лицензиялауға жататын бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі анықталған. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналасуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны береді: - жоғары білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша; - жоғары білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша; - рухани білім беру. Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ұйымдарының қысқа мерзімді курстар, қайта даярлау, репетиторлық жүргізу қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жататын білім беру қызметінің түрлеріне жатпайды. Осылайша, қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласындағы қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жатпайды.

    Сұрақ

    Білім туралы құжатты апостильдеу үшін не қажет?

    Жауап

    Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты - Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостильденетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу үшін қолданыстағы заңнамамен бекітілген талаптар сақталуы қажет және бірқатар рәсімдер атқарылуы тиіс. (Бұл үдерісті реттеуйтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге және жүзеге асырылатын негізгі әрекеттерге мыналар жатады: «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, Қазақстан Республикасы Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды. Коненцияның шарттарына сәйкес, уағдаласушы мемлекеттердің бiрiнiң аумағында жасалған және екiншi уағдаласушы мемлекеттің аумағына ұсынылуы тиiс ресми құжаттарға қолданылады және құжаттарды дипломаттық немесе консульдық агенттерi пайдаланатын шартты рәсiм ғана ұғылады. Конвенция тұрғысында ресми құжаттар ретiнде прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар; әкiмшiлiк құжаттар; нотариалдық актiлер; тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуір №545 қаулысына сай, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша өкілеттіктерге ие ұйым ретінде айқындалған. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, апостилдеу рәсімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен» регламенттелген). Білім туралы құжаттарды апостилдеу рәсімі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті көрсетеді. Апостилдеу үшін құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арқылы ұсынылады. Ұсынылатын құжаттар тізбесі: Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: 1) бекітілген нысан бойынша өтініш; 2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың түпнұсқасы; 4) төлем туралы түбіртектің түпнұсқасы. Портал арқылы ұсынған кезде: 1) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электронды нысанындағы сұрау салу; 2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен немесе «е-гов» порталы арқылы ұсынған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні . Білім туралы құжатты апостилдеуден бас тарту негіздері: 1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; 2) ұсынылған деректер мен мәліметтердің Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

    Сұрақ

    Жоғары және жоғары оқу орнындағы білім беру саласындағы білім беру қызметіне лицензия және(немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады. Жоғары білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезден бастап білім беру қызметімен айналысу құқығы туындайды. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласында қызметін лицензиялау кадрларды даярлау бағыттары («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы негізінде) мен оқыту нысандары (күндізгі, онлайн-оқыту, экстернат) бойынша жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімі – берілген күннен бес жылды құрайды. Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру мемлекеттік қызмет түрі болып табылады, оның рәсімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы №164 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен реттеледі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі негізгі шарт болып табылады. Бірқатар лицензиялар немесе оларға қосымшалар жоғары және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысты заңды тұлғаларға беріледі. Өтініш беру алдында білім беру бағдарламаларын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркеуді қамтамасыз ету қажет, операторы – «Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РГП. Әрі қарай, әрбір біліктілік талабының тармағы бойынша (материалдық-техникалық жабдықталу (оқу корпустары, зертханалық үй-жайлар, оқу-техникалық құралдар, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.), профессор-оқытушы құрамымен қамтамасыз етілуі, ғылыми әлеует және басқалары) растау құжаттарының болуы қажет. Осылайша, жоғары білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жайлы www.egov.kz «электронндық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ғана өтініш және біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар келіп түскен жағдайда, отыз жұмыс күні ішінде қарастырылады.

    Сұрақ

    ЖОО-да ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге қандай талаптар қойылады және біліктілік талаптарына сәйкестік?

    Жауап

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін тиісті білімі мен біліктілігі, сондай-ақ ғылыми қызметті (ғылыми журналдарда жариялау, ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми кадрларды даярлау) жүзеге асыру қажет. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігі, жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асырудың негізгі шарты болып табылады Педагогикалық қызметке қойылатын талаптар, атап айтқанда білімінің, ғылыми дәрежесінің және ғылыми атағының оқытылатын пәннің бейініне сәйкестігі Біліктілік талаптарының 13, 21 және 28-тармақтарында көрсетілген. Ғылыми қызметті жүргізудің сәйкестігі Біліктілік талаптарының 16, 23, 29, 31-тармақтарында (ғылыми басқаруды жүзеге асыру, ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми жобаларға қатысу) көрсетілген.

    Сұрақ

    Жоғары білім туралы Диплом шетелде апостильденген. Қазақстанда тану рәсімінен өту керек пе? Өту керек болған жағдайда қандай құжаттар тапсырылады?

    Жауап

    Білім туралы құжаттарды тану қағидаларының 9-тармағына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығы) сәйкес құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.

    Хабарландыру

    «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы бойынша диссертациялық кеңесте «8D101 – Денсаулық сақтау» бағыты (8D10140 – Фармация) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сейдалиева Сәбина Каржаубайқызының «Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді дамыту шеңберінде форсайт-менеджментті жетілдіру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

    С. К. Сейдалиеваның диссертациялық жұмысының қорғауы туралы хабарландыру «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы бойынша диссертациялық кеңесте «8D101 – Денсаулық сақтау» бағыты (8D10140 – Фармация) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сейдалиева Сәбина Каржаубайқызының«Медициналық-фармацевтикалық кластерлерді дамыту шеңберінде форсайт-менеджментті жетілдіру» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді. Диссертация «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасында орындалған. Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс. Қорғау тілі – орыс тілі. Ресми рецензенттер: 1)Егорова Светлана Николаевна – фармация ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі «Қазан мемлекеттік медицина университеті» Фармация институтының білім беру қызметі жөніндегі директор орынбасары, Фармация институтының профессоры (Қазан қ., Ресей Федерациясы); 2) Кадырбаева Гульнара Мухаметовна– философия докторы (PhD), «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Инженерлік пәндер және тиісті тәжірибелер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Отандық ғылыми кеңесшілер: 1)Шертаева Клара Джолбарисовна –фармация ғылымдарының докторы, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан); 2) Умурзахова Галия Жанбурбаевна –философия докторы (PhD), «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент қ., Қазақстан). Шетелдік ғылыми кеңесші: 1) Г.Н.К. Ганеш –философия докторы (PhD), JSS Жоғары білім беру және зерттеу академиясы Фармация колледжінің қауымдастырылған профессоры (Ути қ., Үндістан Республикасы). Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері: 1) Ордабаева Сауле Кутимовна –фармация ғылымдарының докторы, профессор, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармацевтикалық, токсикологиялық химия және фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі (Шымкент қ., Қазақстан); 2)Шертаева Клара Джолбарисовна – фармация ғылымдарының докторы, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚдәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастырукафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан); 3)Умурзахова Галия Жанбурбаевна– философия докторы(PhD), «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Шымкент қ., Қазақстан); 4)Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна–фармация ғылымдарының кандидаты, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ фармацевтикалық, токсикологиялық химия және фармакогнозия кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан); Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: 1)Шукирбекова Алма Боранбековна –фармация ғылымдарының докторы, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан); 2) Ибрагимова Гузэль Ярулловна –фармация ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі «Башқұрт мемлекеттік медицина университеті» фармация кафедрасының профессоры (Уфа қ., Ресей Федерациясы); 3) Бекболатова Эльмира Нышанбаевна– философия докторы (PhD), «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС сапа бойынша менеджері (Алматы қ., Қазақстан). Қорғау 2026 жылғы 30 қарашада сағат 11:00-де«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы диссертациялық кеңесте «8D10140 – Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша өтеді. Мекен-жайы: Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы 1, 2-қабат, кіші зал. ZOOM платформасы арқылы қатысу: Қорғау аралас форматта Zoom платформасында өткізіледі, конференция сілтемесі:https://us06web.zoom.us/j/9943253515?pwd=FN3b5Z0DvG6thSQOxllANMbgoa3Hic.1&omn=86780548435 Конференция идентификаторы: 994 325 3515 Кіру коды: 2026 Ғалым хатшы:фармация ғылымдарының кандидаты, профессор Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна Ұялы телефон: 8 7017537260,e-mail:[email protected]

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 218 Комитеттің бұйрығы (Кожабекова Эльмира Курбаналикызы)

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы10сәуірдегі№218Комитеттің бұйрығы (Кожабекова Эльмира Курбаналикызы) «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»коммерциялық емес акционерлік қоғамының докторантыКожабекова Эльмира Курбаналикызыныңдиссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларыныңталаптарынасәйкес келмеуіне байланысты«8D01502 Физика педагогін даярлау»білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын. «8D01502 Физика педагогін даярлау»білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған«Болашақ физика педагогін пәнаралық байланыс негізінде білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруға даярлау»тақырыбындағы диссертациялық жұмысы«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанындағы диссертациялық кеңесінде 2025жылғы 05желтоқсандақорғалған. Диссертациялық кеңестің төрағасы: Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ физика кафедрасыныңпрофессоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы); һ – index: 13. Ғылыми кеңесшілер: 1. ЕрмековаЖадыра Керімбайқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ Техникалық физика кафедрасының доцентінің м.а., (Астана қ., Қазақстан Республикасы); h-index-5; 2. Али Чорух-РhD, Сакария университетінің Физика кафедрасының профессоры, (Сакария қ., Түркия Республикасы). Ресми рецензенттер: 1.Нурумжанова Куляш Алдонгаровна – педагогика ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КЕ АҚ профессоры (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы); һ – index: 1; 2.Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич –философия докторы (PhD), Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы); h-index-8.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 1610 Комитеттің бұйрығы (Шаймерденова Айгуль Каиржановна)

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025жылғы19қыркүйектегі№1610Комитеттің бұйрығы (Шаймерденова Айгуль Каиржановна) С. Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетініңдокторантыАйгуль КаиржановнаШаймерденованың диссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларыныңталаптарынасәйкес келмеуіне байланысты8D07303 – «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын. 8D07303 – «Кадастр» білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған«ГАЖ технологиялары негізінде ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану тетіктерін жетілдіру (Ақмола облысы)»тақырыбындағы диссертациялық жұмысыС. Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетініңдиссертациялық кеңесінде 2025жылғы18маусымдақорғалған. Диссертациялық кеңестің төрағасы: Корнилова Алла Александровна– сәулетғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ «Сәулет және дизайн» кафедрасының профессоры. Ғылыми кеңесшілер: 1.Шуленбаева Фая Ахметовна– экономика ғылымдарының докторы «Кадастр» кафедрасының профессоры С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің КеАҚ. 2.Дубровский Алексей Викторович – техника ғылымдарының докторы, «Кадастр және аумақтық жоспарлау» кафедрасының доценті, Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті, Ресей Федерациясы, Новосібір қаласы. Ресми рецензенттер: 1.Турганалиев Сакен Рахматуллаевич - экономика ғылымдарының кандидатыАль-Фараби атындағы Казақ Ұлттық университеті «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының доценті. 2.Анарбаев Ермек Ахметович - PhD докторы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ филиалы директорының ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі орынбасары, қауымдастырылған профессоры.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2025 жылғы 02 сәуірдегі № 478 Комитеттің бұйрығы (Кадирбаева Гулим Кумарбекқызы)

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2025 жылғы 02 сәуірдегі № 478 Комитеттің бұйрығы (Кадирбаева Гулим Кумарбекқызы) Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланысуниверситетінің докторантыКадирбаева Гулим Кумарбекқызыныңдиссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларыныңталаптарынасәйкес келмеуіне байланысты «8D06201 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»білім беру бағдарламасыбойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын. «Механикалық кернеулерді анықтауға арналған оптикалық талшықты датчикті қолданылуын зерттеутақырыбында дайындалған диссертация8D06201 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін алу үшінҒұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетініңжанындағы диссертациялық кеңесінде 2024 жылғы 23 желтоқсанда қорғалған. Диссертациялық кеңестің төрағасы: Алияров Бирлесбек Каниевич– техника ғылымдар докторы, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ «Жылу энергетика» кафедрасының профессоры. Ғылыми кеңесшілер: 1. Чежимбаева Катипа Сламбаевна–техника ғылымдарының кандидаты, профессор,«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ,«Телекоммуникациялық инженерия» кафедрасының профессоры; 2. Вальдемар Вуйчик – техника ғылымдарының докторы, Люблин технологиялық университеті, «Электроника және ақпараттық технологиялар» институтының профессоры, Польша. Ресми рецензенттер: 1. Көшкінбаев Сәулетбек Жолдықараұлы –философия докторы (PhD),Мирас университеті, «IT және телекоммуникациялар» кафедрасыныңқауымдастырылған профессоры. 2. Тулегенова Акмарал Алибековна –философия докторы (PhD), Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, «Инженериядағы Smart технологиялар»кафедрасыныңқауымдастырылған профессоры.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025 жылғы 25 ақпандағы № 234 Комитеттің бұйрығы (Шалабаева Майра Хусаиновна)

    «Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2025жылғы25ақпандағы№234Комитеттің бұйрығы (Шалабаева Майра Хусаиновна) «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының докторантыШалабаева Майра Хусаиновнаныңдиссертациясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларыныңталаптарынасәйкес келмеуіне байланысты8D07110 – «Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері» білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тартылсын. 8D07110 – «Автоматтандыру, басқару және деректерді цифрлы өңдеу жүйелері» білім беру бағдарламасы бойыншафилософия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған«Темір жол көлігіндегі апат салдарын жою кезінде экологиялық қауіпсіздікті автоматтандырылған бағалаудың әдістері мен модельдері»тақырыбындағы диссертациялық жұмысы«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанындағы диссертациялық кеңесінде 2024жылғы 20желтоқсандақорғалған. Диссертациялық кеңестің төрағасы: Есмагамбетов Булат-Батыр Саухымович – Диссертациялық кеңестің төрағасы, техникағылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Шымкент қ., Қазақстан. Ғылыми кеңесшілер: 1.Ахметов Бахытжан Сражатдинович – техника ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан; 2.Лахно Валерий Анатольевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, компьютерлік жүйелер және желілер кафедрасы, Украинаның Ұлттық биоресурстар және табиғатты пайдалану университеті, Киев қ., Украина. Ресми рецензенттер: 1.Жусупбеков Сарсенбек Сеитбекович – техника ғылымдарының кандидаты, Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан; 2.Бейсембаев Акамбай Агыбаевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының Автоматтандыру және басқару кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы 8D10 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D10141 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша Нуржан Орынтаевич Ажибековтың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Выбор тактики нейрохирургической помощи пациентам с двухуровневыми дегенеративными заболеваниями шейного отдела позвоночника при использовании передних декомпрессивно-стабилизирующих вмешательств» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.

    Н.О. Ажибековтің диссертациялық жұмысының қорғауы туралы хабарландыру «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы 8D10 – Денсаулық сақтау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 8D10141 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша Нуржан Орынтаевич Ажибековтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Выбор тактики нейрохирургической помощи пациентам с двухуровневыми дегенеративными заболеваниями шейного отдела позвоночника при использовании передних декомпрессивно-стабилизирующих вмешательств» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді. Диссертациялық жұмыс «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің «Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика» кафедрасында орындалған. Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс. Қорғау тілі – орыс. Рецензенттер: 1.Талгат Тынышбаевич Керимбаев–м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы ҰЖҒА академигі, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ жұлын нейрохирургиясы және шеткері жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақ нейрохирургтер қауымдастығының вице-президенті. 2.Габит Джандильдинович Махамбаев–м.ғ.к., Қарағанды қаласындағы профессор Х.Ж. Макажанов атындағы көпбейінді аурухананың нейрохирургия және неврология орталығының басшысы. Ғылымикеңесші:Марат Амангелдиевич Алиев– м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, №7 ҚКА директорының хирургия бойынша орынбасары, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің хирургия кафедрасының профессоры. Шетелдік ғылыми кеңесші: Вадим Анатольевич Бывальцев – м.ғ.д., профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Иркутск мемлекеттік медицина университеті» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы: 1. Талгат Сейтжанович Нургожин – м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ; 2. Александр Витальевич Нерсесов – м.ғ.д., профессор, «С.Ж.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ; 3. Гульсум Клышпековна Аскарова – м.ғ.д., профессор, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС; 4. Гульнара Салаватовна Святова – м.ғ.д., профессор, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ. Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы: 1.Абдурахмон Убайдуллоевич Норов –м.ғ.д., профессор, нейрохирург дәрігер, Өзбекстан Республикасы, Бұхара қаласындағы Бұхара облыстық көпбейінді медициналық орталығының бас дәрігері. 2.Михаил Юрьевич Бирючков–м.ғ.д., профессор, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ травматология курсымен нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі. 3.Ербол Таргынович Махамбетов–м.ғ.к., профессор, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ қан тамырлары және функционалдық нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Қорғау 2026 жылғы 26 қараша, сағат 14:00-де«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы:Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а, конференц-зал, 5-қабат. Zoomконференциясына қосылуға арналған сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/2818827485?pwd=Ky9Ua05JbmttQm9xSXAxeTJZWlJpUT09 Конференция идентификаторы:281 882 7485, Кіру коды:123456 ДК хатшысы: Индира Казбековна Тулебаева, e-mail:[email protected]

    Жарияланды: