Қосымша білім беру саласындағы қызмет лицензиялауға жатпайды. Қосымша білім беру – оқушылардың, тәрбиеленушілердің және мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 1-тармағы және 23-бабының 2-тармағына сәйкес білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:
1) жалпы білім беру (типовой, жұмыс);
2) кәсіби (типовой, жұмыс);
3) қосымша.
Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына қарай келесі бағдарламаларға бөлінеді:
3) оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
4) мамандардың біліктілігін арттыру, қазіргі талаптарға сай кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған; 2-1) мамандарды қайта даярлау, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілік алуға бағытталған;
5) постдокторантура, жетекші ғалымның басшылығымен мамандық бойынша ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған. Заңның 5-3-бабының 6-тармақшасына, сондай-ақ, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-қосымшасына сәйкес білім беру саласында лицензиялауға жататын бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесі анықталған.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналасуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны береді:
- жоғары білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша;
- жоғары білімнен кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыттары бойынша;
- рухани білім беру.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ұйымдарының қысқа мерзімді курстар, қайта даярлау, репетиторлық жүргізу қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жататын білім беру қызметінің түрлеріне жатпайды.
Осылайша, қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласындағы қосымша білім беру қызметі лицензиялауға жатпайды.