Жоғары білім туралы Диплом шетелде апостильденген. Қазақстанда тану рәсімінен өту керек пе? Өту керек болған жағдайда қандай құжаттар тапсырылады?
Білім туралы құжаттарды тану қағидаларының 9-тармағына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығы) сәйкес құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.