Қазақстан Республикасы аумағында Білім туралы құжаттарды тану мәселесі бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймын?

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы аумағында Білім туралы құжаттарды тану мәселесі бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймын?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау болып табылады.

    Тану рәсімінен өту біздің елдің азаматтарының да, шетел азаматтарының да одан әрі жұмысқа орналасуы немесе білімін жалғастыруы үшін Қазақстан Республикасының аумағында білімі туралы шетелдік құжаттың күшіне енуі үшін қажет.

    Білім туралы құжаттарды тану рәсімі мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарды тану қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.

    Қағидалардың 9-тармағына сәйкес, құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттар жатады.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

    «Білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы жүзеге асырады. Толық ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz ресми сайтынан немесе 87172 28-75-21, 28-75-27 байланыс нөмірлері арқылы алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қосымша білім беру қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу қажет пе?

    Жауап

    Қосымша білім беру саласындағы қызмет лицензиялауға жатпайды. Қосымша білім беру – оқушылардың, тәрбиеленушілердің және мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұ...

    ·
    Сұрақ

    Білім туралы құжатты апостильдеу үшін не қажет?

    Жауап

    Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты - Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостильденетiн құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінг...

    ·
    Сұрақ

    Жоғары және жоғары оқу орнындағы білім беру саласындағы білім беру қызметіне лицензия және(немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар білім беру ұйымдары болып табылады. Жоғары білім беру ұйымы Қазақстан Республ...

    ·
    Сұрақ

    ЖОО-да ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге қандай талаптар қойылады және біліктілік талаптарына сәйкестік?

    Жауап

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін тиісті білімі мен біліктілігі, сондай-ақ ғылыми қызметті (ғылыми журналдарда жариялау, ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми кадрларды даярлау) жүзеге асыру қажет. Қа...

    ·
    Сұрақ

    Жоғары білім туралы Диплом шетелде апостильденген. Қазақстанда тану рәсімінен өту керек пе? Өту керек болған жағдайда қандай құжаттар тапсырылады?

    Жауап

    Білім туралы құжаттарды тану қағидаларының 9-тармағына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығы) сәйкес құжаттарды тануға басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиал...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстанда жоғары оқу орнын ашуға қатысты. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және ғимаратқа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қандай?

    Жауап

    Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығында көрсетілге...

    ·
    Сұрақ

    Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізіміне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды тізімдеңіз?

    Жауап

    Басылымдардың тізбесіне мынадай талаптарға сәйкес келетін ғылыми басылымдар енгізіледі: 1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-І Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар...

    ·
    Сұрақ

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және ғылыми ұйымдарда диссертациялық кеңестер қандай мерзімге құрылады және олар қандай талаптарға сай болуы тиіс?

    Жауап

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша: 1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия ж...

    ·