Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және ғылыми ұйымдарда диссертациялық кеңестер қандай мерзімге құрылады және олар қандай талаптарға сай болуы тиіс?
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:
1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;
2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес Білім беру бағдарламаларының тізбесінде докторантураның білім беру бағдарламалары;
3) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары;
4) Заңның 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес бөлінетін оқытудың 1, 2 және 3 жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда жұмыс істейді.
Ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген және осы Ереженің 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен (бұдан әрі – әріптес ЖОО) консорциумдық келісімі бар ғылыми ұйымдарда диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:
1) әріптес ЖОО докторанттары қатысатын мемлекеттік бюджеттен бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру шеңберінде соңғы 3 жылдағы ғылыми жобалар;
2) осы Ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар даярлау бағыты бойынша кемінде 3 ғалым болған жағдайда жұмыс істейді.