2026 жылғы 29 қазанда Британдық кеңестің (British Council) бастамасымен және ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қолдауымен MNU-де «Қазақстандағы трансұлттық білім беруді аккредиттеу: сапа, сенім және академиялық адалдық» атты дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстел шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының, шетелдік білім беру ұйымдарының, аккредиттеу органдарының өкілдері мен серіктестердің басын қосты. Қатысушылар филиалдарды аккредиттеудің нормативтік құқықтық негіздерін, Қазақстандағы трансұлттық білім беру тәжірибесін және академиялық адалдық мәселелерін талқылады. Белсенді талқылау қорытындысы бойынша қарар қабылданып, трансұлттық білім берудегі, бірлескен және қос дипломды бағдарламалардағы сапаны қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.







