Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Нұрбек Саясат
    Қызметкерлер

    Нұрбек Саясат

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі

    1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан және шетелдік деңгейде түрлі салада білім алған: Маршаллтаун колледжін (АҚШ) саясаттану мамандығы бойынша, Л.М. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2004), La Sapienza (Италия) университетін геополитика магистрі дәрежесінде, «Көкше» академиясын психология бакалавры бойынша тәмамдады. АҚШ, Сингапур, Бельгия, Жапония, Голландияда тағылымдамадан және біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

    Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы
    Қызметкерлер

    Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

    1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

    Ешенкулов Талгат Ильясович
    Қызметкерлер

    Ешенкулов Талгат Ильясович

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

    Білімі, мамандығы (біліктілігі): - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Экономист» мамандығы (1999 ж.) - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі, «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары (2010 ж.) Мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (2006-2012 жж.): - Индиана университеті, АҚШ; - Мемлекеттік саясат мектебі, Ли Куан Ю Сингапур Ұлттық Университеті; - Дьюк университетінің Стэнфорд мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ; - Голландия мемлекеттік басқару институты, Гаага, Нидерланды; - Оңтүстік Кореяның мемлекеттік аудит институты

    Щеглова Динара Ринатқызы
    Қызметкерлер

    Щеглова Динара Ринатқызы

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі

    1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы
    Қызметкерлер

    Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы

    Туған күні: 13.02.1984 ж. 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн тәмамдаған, халықаралық құқық магистрi; Чехияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша экономика және менеджмент магистріне оқыған. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген. «Құрмет грамотасымен» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

    Департаменты

    20
    Токтыбаев Ернар Дуйсенбекович
    Қызметкерлер

    Токтыбаев Ернар Дуйсенбекович

    Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры

    Туған жылы: 6 шілде 1987 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Қаржыгер) М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Экономика магистрі) Торайғыров университеті (Заңгер)

    Мырзабекова Айнур Аюповна
    Қызметкерлер

    Мырзабекова Айнур Аюповна

    Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры

    Айнур Аюпқызы Мырзабекова 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Уполномоченный по этике

    1
    Разаков Алибек Ерикович
    Қызметкерлер

    Разаков Алибек Ерикович

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Разаков Алибек Ерикович 1980 жылғы 22 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2007 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын жеңіп алып, АҚШ-та білімін жалғастырды. Arizona State University-де (Феникс, АҚШ) «Американдық ағылшын тілі және мәдениет» бағдарламасы бойынша курс оқып, кейін George Washington University (Вашингтон, АҚШ) магистратурасына түсіп, 2010 жылы «инжинирингтік менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

    Управления

    1

    Басқа қызметкерлер

    2