
Мырзабекова Айнур Аюповна
Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры
Өмірбаян
Айнур Аюпқызы Мырзабекова 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2003-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бас маманы, аудандық топ прокуроры, кадр жұмысы бойынша аға прокуроры лауазымдарын атқарған.
2012-2013 жылдары Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарған.
2013 жылдың қантар айынан 2014 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Әкімшілік басқармасының бас сарапшысы, Жастар ісі комитетінің Өңірлік жастар саясатын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, Жастар ісі комитетінің Персоналды басқару қызметі басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2014 жылдың маусым айынан 2017 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымын атқарған.
2017 жылдың маусым айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап 2022 жылғы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры.





