Ғылыми тағылымдама иегері үшін кім кепіл бола алады және кепілгердің қандай міндеттемелері бар?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308 ) кепілгер ретінде жұмыс берушінің анықтамаларымен және міндетті зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжатпен (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме) расталатын, соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты жалақысы бар жасы 50 (елу) жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болады. Кепілгер ғылыми тағылымдама стипендиатымен толық ынтымақты жауаптылықта болады және стипендиат ғылыми тағылымдамадан айырылған немесе бас тартқан жағдайда ғылыми тағылымдамадан өту шығындарын өтеуге міндеттенеді. Мысал. Мен Ақтау қаласында 28 жыл мұғалім болып жұмыс істеймін, ғылыми тағылымдама иегері үшін кепіл болу үшін құжаттар дайындаймын. Мен 51 жасқа толдым. Мен кепілгер бола аламын ба? Жоқ, Сіз кепілгер бола алмайсыз, өйткені Сіз Қағидаларға сәйкес кепілгерлер үшін талап етілетін жастан асқансыз.

