Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсын өткізу кезінде қандай жағдайларда апелляция беріледі?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті

    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсын өткізу кезінде қандай жағдайларда апелляция беріледі?

    Жауап

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ) реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103

    Апелляциялық комиссия туралы ереженің 15-тармағына (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығы) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033328 сәйкес:

    Апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) төмендегі өтініштерді қарамайды:

    1. өтінімдері Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі – ҰҒК) қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;

    2. жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру көлемін азайту мәселелері бойынша өтініштер;

    3. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы ұсынған қорытындылар негізінде жүргізілетін ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру мониторингінің қорытындыларына қатысты өтініштер;

    4. анонимді өтініштер;

    5. мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен нақты деректер келтірілмеген өтініштер;

    6. ҰҒК берген балдарды немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижесінде алынған балдарды көбейтуге немесе азайтуға байланысты мәселелер жөніндегі өтініштер.

    Сонымен қатар Комиссия мынадай мәселелерді қарайды: ҰҒК мүшелерінің Әдеп кодексін сақтауына қатысты мәселелер; ҰҒК қараған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет бойынша аралық және қорытынды есептердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі есептердің нәтижелері бойынша өтініштер; ҰҒК мүшелерінің жобаларды (бағдарламаларды) бағалау және олар бойынша дауыс беру рәсімдерін сақтамауына байланысты мәселелер.

    Мысал:

    Апелляциялық комиссияға Тараз қаласының тұрғыны А. азаматтан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы аясында ұсынылған өтінім бойынша жүргізілген мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен келіспейтіні туралы өтініш келіп түсті. Өтініште азамат А. ҰҒК-нің көрсеткіштердің бірі бойынша өзіне төмен балл қойғанын көрсетті. Комиссия бұл өтінішті қарауға қабылдамады, себебі ҰҒК берген балдарды көбейту немесе азайту мәселелеріне қатысты өтініштер Комиссияның қарауына жатпайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ғылыми тағылымдама иегері үшін кім кепіл бола алады және кепілгердің қандай міндеттемелері бар?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308) кепілге...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңының (2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ) 36-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103 гранттық қаржыландыру ғылыми зерттеулерді, оның ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңг...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Зерттеу бірнеше ұйымда орындалған жағдайда, ғылым саласындағы сыйлықты алуға жұмысты ұсыну туралы шешім қай ұйымда қабылданады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес сыйлыққ...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Заңды тұлға (қызмет алушы) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өту үшін қанша ғылыми- зерттеу жұмысын ұсынуы тиіс?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, көрсеті...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына және жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді бір мезгілде беруге жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103 гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелг...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техниқалық қызмет субъектісіне 5 жыл мерзімге берілген аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы заңды тұлға атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) өзгерген жағдайда, тоқтатыла ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тарауының 10-тармағына сәйкес, кө...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми ұйымдардың филиалдары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден қалай өтеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес, филиалдарды аккредиттеу бас...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне кандидаттардың өзін-өзі ұсынуы қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035119 бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарына (бұдан әрі – Қағидалар...

    Ғылым комитеті·