Ғылыми ұйымдардың филиалдары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден қалай өтеді?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес, филиалдарды аккредиттеу бас ұйымның құрамында жүргізіледі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мысалы:
Ұлттық сараптама орталығының Алматы қалалық филиалы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (бұдан әрі – қызмет беруші) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу мәселесі бойынша жүгінді. Қызмет беруші филиалдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден өтуі міндетті емес екенін түсіндірді. Аккредиттеу осы филиалдың бас ұйымының құрамында, яғни Ұлттық сараптама орталығының құрамында жүргізіледі.