«Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына және жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді бір мезгілде беруге жол беріле ме?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті

    Сұрақ

    «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына және жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді бір мезгілде беруге жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103 гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері береді.

    «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына және жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді бір мезгілде беруге жол беріледі. Бұл ретте конкурстық құжаттамаға сәйкес бір тұлға көрсетілген конкурстардың біреуінде ғана жобаның ғылыми жетекшісі бола алады.

    Мысалы, Астана қаласындағы аккредиттелген университет «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беріп, оқытушы А.-ны жобаның ғылыми жетекшісі ретінде көрсетті. Кейін осы университет жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінім беріп, қайтадан оқытушы А. жобаның ғылыми жетекшісі ретінде көрсетілді. Бұл жағдайда оқытушы А. екі жобаның біреуінің ғана ғылыми жетекшісі бола алады. Сондықтан екінші өтінімде жобаның ғылыми жетекшісі ретінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін басқа тұлға көрсетілуге тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторантураны гранттық қаржыландыру конкурсына және жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа өтінімдерді бір мезгілде беруге жол беріле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000103 гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға өтінімдерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелг...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техниқалық қызмет субъектісіне 5 жыл мерзімге берілген аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы заңды тұлға атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) өзгерген жағдайда, тоқтатыла ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тарауының 10-тармағына сәйкес, кө...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми ұйымдардың филиалдары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеуден қалай өтеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 2-тарауының 8-тармағына сәйкес, филиалдарды аккредиттеу бас...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне кандидаттардың өзін-өзі ұсынуы қарастырылған ба?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035119 бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарына (бұдан әрі – Қағидалар...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Гранттық қаржыландыру конкурсы шеңберінде ғылыми жобаны Ұлттық ғылыми кеңестің қарау нәтижелері бойынша қандай жағдайларда апелляция беруге болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033328 Апелляциялық комиссия Ұлт...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі мәртебесіне ие және белсенді әрі нәтижелі зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын зейнеткерлік жасқа толған ғалым мемлекеттік ғылыми стипендия алуға құқылы ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемл...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған іріктеу конкурсына қатысу үшін ғалым – үміткер қандай құжаттарды ұсынуы қажет?

    Жауап

    Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 9-тармағында көрсе...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өтетін заңды тұлғалар үшін меншікті зертхананың болуы керек пе, әлде зертхананы басқа ұйымнан жалға алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, осы Қағ...

    Ғылым комитеті·