Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі мәртебесіне ие және белсенді әрі нәтижелі зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын зейнеткерлік жасқа толған ғалым мемлекеттік ғылыми стипендия алуға құқылы ма?
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемлекеттік ғылыми стипендия республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Президентінің өмір бойғы стипендиясын алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының нақты мүшелеріне, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне тағайындалмайды.
Мысал: Алматы қаласындағы ғылыми ұйым мемлекеттік ғылыми стипендия алуға зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигінің құжаттарын ұсынды. Мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындауға арналған құжаттар академиктің белсенді және нәтижелі зерттеу жұмысын жалғастыруына байланысты жіберілген.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен құрылған конкурстық комиссия академиктің зейнеткерлік жасқа толуын ескере отырып, құжаттарын қабылдамады.