Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім берудемін. Өтінім аннотациясының көлемі қандай болуы керек?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті

    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім берудемін. Өтінім аннотациясының көлемі қандай болуы керек?

    Жауап

    «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033613, өтінімнің аннотациясында жоба мақсатының, өзі зерттеуге бағытталған проблемалардың, зерттеулер жүргізудің негізгі тәсілдерінің, күтілетін нәтижелердің, зерттеулер нәтижелерінің ғылыми ұйымдардың және олардың ұжымының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті (оның ішінде – кадрлық) мен бәсекеге қабілеттілігіне әсер ету деңгейінің, зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығының, яғни олардың коммерцияландыруға немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті міндеттерін шешу үшін өзге сапада қолданылуға әзірлігі деңгейінің қысқаша сипаттамасы қамтылады. Аннотация көлемі 600 сөзден аспауы керек.

    Мысалы, Тараз қаласының университеттерінің бірі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берді. Алайда өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкестігін тексеру кезінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Акционерлік қоғамы өтінімді қабылдамады, себебі аннотация көлемі 900 сөзден астам болды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі мәртебесіне ие және белсенді әрі нәтижелі зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыратын зейнеткерлік жасқа толған ғалым мемлекеттік ғылыми стипендия алуға құқылы ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033417 бекітілген Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес мемл...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған іріктеу конкурсына қатысу үшін ғалым – үміткер қандай құжаттарды ұсынуы қажет?

    Жауап

    Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 9-тармағында көрсе...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өтетін заңды тұлғалар үшін меншікті зертхананың болуы керек пе, әлде зертхананы басқа ұйымнан жалға алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, осы Қағ...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми жобаны гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алуға бола ма және оларды сатып алу тәртібі немен реттеледі?

    Жауап

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық қаржыландыру қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шығыстардың түрлері, оның ішінде жабдықтарды, материалдарды және өзге де тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізу кезінде биоэтика жөніндегі комиссияның қорытындысы қандай жағдайларда талап етіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларының» 3-тарауының 6-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035392 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникал...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін қабылдаушы шетелдік ұйымды ауыстыра аламын ба?

    Жауап

    «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығының 31-тармағына сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін қабылдаушы шетелдік ұйымды ауыстыру мүмкінді...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Инновациялық гранттар қандай басым бағыттар бойынша беріледі?

    Жауап

    Инновациялық гранттар берудің басым бағыттары «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 339/НҚ бұйрығымен айқындалған. https://adilet.zan.kz...

    Ғылым комитеті·
    Сұрақ

    Аккредиттеу туралы куәліктің бұрын қағаз түрінде берілген нұсқасы жоғалған жағдайда, оның телнұсқасын қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2 тарау 11-тармағына сәйкес заңды немес ж...

    Ғылым комитеті·