Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өтетін заңды тұлғалар үшін меншікті зертхананың болуы керек пе, әлде зертхананы басқа ұйымнан жалға алуға бола ма?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» (Бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, осы Қағидаларға 4-қосымша бойынша жеке зертхана болған жағдайда сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхана куәлігі, зертхананың паспорты.
Зертхананы жалға алған кезде – зертхананы жалға алу шарты, сертификатталған немесе аттестатталған (аккредиттелген) зертхананың куәлігі, зертхананың паспорты.
Егер зертхана талап етілмейтін болса жүзеге асырылатын ғылыми қызмет түріне зертхана талап етілмейтіндігі туралы түсіндірме (еркін нысанда) беріледі.
Ескертпе: зертханалардың болуы туралы мәліметтер толтырылғанға дейін аккредиттелетін ұйым зертханалар мен жабдықтар туралы деректерді «Е-lab» модуліндегі Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» (бұдан әрі – ҰИЖ БТ) цифрлық жүйесіне енгізеді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020626
Мысалы:
«Айтас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – ЖШС) меншігінде өз зертханасы жоқ, бұл ретте жұмыстарды жүргізу үшін оларға зертхана қажет. ЖШС, «Жалын» ЖШС-нің сертификаттталған (аккредиттелген) зертханасын жалға алды. «Жалын» ЖШС жалға берген зертхана туралы деректерді «Е-lab» модуліндегі ҰИЖ БТ-ның «бірыңғай терезесі» цифрлық жүйесіне енгізе отырып, зертхананы сертификаттау куәлігін және зертхананың паспортын қоса ұсынды.
Осылайша «Айтас» ЖШС аккредиттеуден өту үшін талап етілетін құжаттармен бірге жалға алған зертхана құжаттарын, аталған қызметті беруші Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынды.