2027 жылға (іске асыру мерзімі 36 ай) арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес:

    – Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар, АӨК-нің тұрақты дамуы;

    – Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;

    – Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;

    – Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;

    – Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует ғылыми бағыттар бойынша 2027 жылға (іске асыру мерзімі 36 ай) арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсын өткізетіні жөнінде хабарлайды.

    «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі ( is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 344-11-10 (ішкі. 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234).

    Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.

    Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

    Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 13 қазан.

    Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 11 қараша (қоса алғанда).

    2027 жылға (іске асыру мерзімі 36 ай) арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" жаңалықтары