Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бағдарламаларының орындалуы жөніндегі есептерді қабылдау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті

    аралық есептер бойынша:

    іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесіне енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекеттің жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдардың жыл сайынғы есептері ( 2026-2028жылдарға арналған ФҒЗ BR317).

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларына» сәйкес, есептер мен қысқаша мәліметтерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде ( http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі – Қағидалар) 65-тармағына сәйкес, бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындаушылар уәкілетті органға ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық және қорытынды есептерді ұсынады.

    Сонымен қатар, шартқа сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуды сұраймыз.

    Орындаушылар аралық есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:

    • Есептер МЕМСТ (ГОСТ) 7.32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген);
    • Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақағылшын тілі (міндетті);
    • Есеп бойынша беттер саны шектелмейді;
    • Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі);
    • Ағылшын тіліндегі есепте пайдаланылған дереккөздердің тізімі және жарияланған жұмыстардың тізімі ағылшын тіліне аударылып, жақшада жарияланымның түпнұсқа нұсқасының тілі көрсетілуі тиіс;
    • Мақалалар жарияланған халықаралық журналдар үшін Web of Science базасында квартиль және/немесе Scopus базасы бойынша процентиль жарияланған жылы үшін немесе есеп берілген сәттегі соңғысы көрсетілуі тиіс.

    Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментіне хабарласуға болады: тел. +7 (727) 222-11-02 (ішкі 400, 401, 402, 404, 412, 413, 414, 415, 416, 417).

    Қосымша (ГОСТ)

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" жаңалықтары