Қызметкерлер — Арал аудандық мәслихатының аппараты

    Арал аудандық мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Турахметов Базарбай Шөменұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Турахметов Базарбай Шөменұлы

    Арал аудандық мәслихаттың төрағасы

    Базарбай Шөменұлы Турахметов 1968 жылы 21 сәуірде Октябрь ауылдық округінде дүниеге келген. №57 орта мектебін 1985 жылы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Физика және математика» факультетін 1992 жылы бітірген. Отбасылы 4 бала тәрбиелеп отыр.

    Бөлім

    2
    Әуесов Сержан Мұхтарұлы
    Бөлім басшысы

    Әуесов Сержан Мұхтарұлы

    Бөлім басшысы

    Әуесов Сержан Мұхтарұлы 1994 жылы 28 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетін мұнай-газ ісі, 2017-2019 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда облыстық мемлекеттік университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    14
    Ибраимова Лаура Қолханатқызы
    Мәслихат депутат

    Ибраимова Лаура Қолханатқызы

    депутат

    Ибраимова Лаура Қолғанатқызы 1971 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Арал қаласындағы №14 орта мектебін бітірген. 1989-1994 жылдары Алматы қаласындағы Халықаралық әлем тілдері университетінде оқып, «Ағылшын және қазақ тілдері». 2003-2006 жылдары Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінде оқып, «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.

    Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы
    Мәслихат депутат

    Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы

    Депутат

    Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы 1973 жылы 17 қарашада Қызылорда облысы Арал ауданы Ақбасты елді мекенінде дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Ақбасты елді мекеніндегі №22 орта мектепте жалпы орта білім алған. 1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогика институтын «Математика, информатика және ЕТ пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. «AMANAT» партиясының мүшесі, «Барсакелмес» бастауыш партия ұйымының төрағасы. Отбасылы, ұл, қыздарды тәрбиелеп, өсіріп отыр.

    Прекеев Батырхан Орымбайұлы
    Мәслихат депутат

    Прекеев Батырхан Орымбайұлы

    Депутат

    Батырхан Орымбайұлы Прекеев 1962 жылы 26 қарашада Арал ауданы, Қасқақұлан ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта.1970 жылы Қаратерең ауылындағы №82 орта мектепке қабылданып, 1980 жылы бітірген. 1980-1982 жылдары Қазалы темір жол училищесінде машинист мамандығын алған. Отбасылы. 4 бала тәрбиелеп отыр.

    Алданов Адилхан Шанжарханұлы
    Мәслихат депутат

    Алданов Адилхан Шанжарханұлы

    Депутат

    Алданов Әділхан Шанжарханұлы 1963 жылы 17 шілдеде Арал қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.

    Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы
    Мәслихат депутат

    Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы

    Депутат

    Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы 1965 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Арал ауданы, Аманөткел ауылдық округінде №73 қазақ орта мектебін бітірді. 1983-1985 жылдар аралығында Германия елінде Кеңес армиясы қатарында болды Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Мамитанова Ляйла Рахышқызы
    Мәслихат депутат

    Мамитанова Ляйла Рахышқызы

    Депутат

    Мамитанова Ләйла Рақышқызы 1968 жылы 18 шілдеде «Қарақұм» совхозында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Жамбыл қаласындағы ДГМСИ-ға түсіп, 1990 жылы «инженерқұрылысшы» мамандығын алып шыққан. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Жангүшікова Шарбану Байділдақызы
    Мәслихат депутат

    Жангүшікова Шарбану Байділдақызы

    Депутат

    Жангушикова Шарбану Байдильдақызы, 1970 жылы 18 қарашада Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1978 жылы 1 қыркүйекте Арал қаласындағы №14 Н.К.Крупская атындағы орыс орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1986 жылы отбасы жағдайына байланысты Қарақұм совхозындағы №59 қазақ орта мектебінде 9-10 сыныпты жалғастырып, 1988 жылы орта мектепті бітірген. Отбасылы. Жанұя 1 ұлы, 2 немере тәрбиелеп отыр.

    Төлебаев Ардақ Қаныбайұлы
    Мәслихат депутат

    Төлебаев Ардақ Қаныбайұлы

    Депутат

    Төлебаев Ардақ Қанибайұлы Қызылорда облысы, Арал қаласында 1973 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. 1980 жылы Арал қаласындағы №83 орта қазақ мектебінің алғаш табалдырығын аттап, 1984 жылы Жақсықылыш кентіндегі №19 қазақ орта мектебінде білімін жалғастырған. 1988 жылы Арал қаласындағы №16 кәсіптік-техникалық училищесіне қабылданып, «электромонтер» мамандығы бойынша 1991 жылы тәмамдаған.

    Қанатов Талғат Мырзағұлұлы
    Мәслихат депутат

    Қанатов Талғат Мырзағұлұлы

    Депутат

    Қанатов Талғат Мырзағұлұлы Жамбыл облысында 1976 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Білімі жоғары, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы 5 бала тәрбиелеп өсіруде.

    Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы
    Мәслихат депутат

    Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы

    Депутат

    Ембергенова Нұрсәуле Сайлауқызы 1980 жылы 18 желтоқсанда Арал қаласында дүниеге келген.1997-1999 жылдар аралығында Қызылорда есеп және сауда колледжін «экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау», 2002-2005 жылдары Қазақ көлік және коммуникация университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген.

    Құлмырзаев Мейрамбек Оразғалиұлы
    Мәслихат депутат

    Құлмырзаев Мейрамбек Оразғалиұлы

    Депутат

    Құлмырзаев Мейрамбек Оразғалиұлы Қызылорда облысы, Арал қаласында 1983 жылы 30 сәуірде дүниеге келген. 1990-2000 жылдары Қызылорда облысы, Арал қаласындағы №71 орта мектепті оқып тәмамдады. 2000-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясы, экономика факультетінде «Кеден ісі» мамандығы бойынша диплом алған. 2004-2006 жылдары аралығында аталған оқу орнында әскери дайындықтан өтіп, әскери билет алды. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп өсіруде

    Жұмашева Индира Жайлғанқызы
    Мәслихат депутат

    Жұмашева Индира Жайлғанқызы

    депутат

    Жумашева Индира Жайлганкызы 1984 жылы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.1999 жылы Шымкент қаласында №19 Попович атындағы орта мектебін бітірген. 1999 жылы Алматы Педагогикалық колледжіне түсіп, оны 2003 жылы қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша, үздік дипломмен бітірген.2001 жылы «Тігінші» және «Шаштараз» мамандығы бойынша курсын бітірген.

    Әліпов Болатбек Ғалитұлы
    Мәслихат депутат

    Әліпов Болатбек Ғалитұлы

    Депутат

    Әліпов Болатбек Ғалитұлы 1989 жылы 13 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келдім. 2010 жылы Т.Рұсқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірдім. Еңбек жолын 2010 жылы Бөген ауылдық округіндегі №20 З.Шүкіров атындағы мектептің инженер-технигі қызметінен бастаған. 2018 жылдан бастап жеке кәсіпкер.

    Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы
    Мәслихат депутат

    Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы

    Депутат

    Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы 1989 жылдың 20 тамызында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Сексеуіл кентіндегі №177 қазақ орта мектебін бітіріп, 2011 жылы И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде «техник-механик» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы Д.А.Қонаев атындағы Көлік және Құқық Гуманитарлық Университетін және 2016 жылдары Қазақ қатынас жолдары университетінде оқып, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітіріп, техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болған.