
Қанатов Талғат Мырзағұлұлы
Депутат
Өмірбаян
Қанатов Талғат Мырзағұлұлы Жамбыл облысында 1976 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Білімі жоғары, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы 5 бала тәрбиелеп өсіруде.
Еңбек жолын 1995 – 1999 жылдары Арал аудандық телекоммуникация торабының телеграф бөлімшесінде тасымалдаушы; 2000 жылы Арал ауданы бойынша салық комитетінің еріксіз өндіру бөлімінің маманы;2000 - 2001 жылдары Салық комитетінің есеп бөлімінің маманы; 2001-2002 жылдары Жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы; 2003 жылы Жанама салықтар бөлімінің бас маманы және салым төлемгерлерімен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы; 2003-2005 жылдары есеп және талдау бөлімінің бас маманы; 2005 – 2007 жылдары ұйымдастырушылық – құқықтық жұмыс және өндіру бөлімінің бас маманы, 2007 – 2014 жылдары Арал аудандық мәслихаттың бас маманы, 2014 – 2017 жылдары Арал аудандық мәслихаттың аппарат басшысы, 2017 жылдан бастап осы кезге дейін «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.





