
Алданов Адилхан Шанжарханұлы
Депутат
Өмірбаян
Алданов Әділхан Шанжарханұлы 1963 жылы 17 шілдеде Арал қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 1985-1986 жылдары Арал қаласында орналасқан №13 жылжымалы механикаландырылған колоннада тауар танушы, инженер болып бастаған.
1986-1988 жылдары Арал аудандық комсомол комитеті «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігі комсомол комитеті хатшысының орынбасары.
1988-1989 жылдары Арал аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1989-1992 жылдары Арал аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Арал аудандық жастар одағының бірінші хатшысы.
1992-1994 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің аға ұйымдастырушы-инспекторы.
1994-1996 жылдары Арал аудандық пошта байланысы торабы бастығының орынбасары. 1996-1999 жылдары аудандық жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің бастығы.
1999-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2005-2013 жылдары Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы. 2013- 2014 жылдары Арал ауданы әкімінің орынбасары.
2014-2015 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының кеңесшісі. 2015-2016 жылдары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ Байқоңыр газ шаруашылығы мекемесінің директоры. 2016 жылдан осы кезге дейін Арал аудандық газ шаруашылығы мекемесінде директор болып қызмет атқарып келеді.





