Жангүшікова Шарбану Байділдақызы

    Депутат

    Жангүшікова Шарбану Байділдақызы
    Депутат маслихата

    Жангүшікова Шарбану Байділдақызы

    Депутат

    Өмірбаян

    Жангушикова Шарбану Байдильдақызы, 1970 жылы 18 қарашада Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1978 жылы 1 қыркүйекте Арал қаласындағы №14 Н.К.Крупская атындағы орыс орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1986 жылы отбасы жағдайына байланысты Қарақұм совхозындағы №59 қазақ орта мектебінде 9-10 сыныпты жалғастырып, 1988 жылы орта мектепті бітірген. Отбасылы. Жанұя 1 ұлы, 2 немере тәрбиелеп отыр.

    Сол жылы №59 орта мектебіне химия кабинетінің лаборанты болып еңбек жолын бастаған. 1989-1994 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі» мамандығын бітірген.1994 жылы №59 орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болып жұмысқа қабылданған. 1999-2001 жылдары Тараз мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы университетін оқып бітіріп, заңгер мамандығына ие болған.1999-2002 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 2002 жылдың 22 қазанынан бастап мектеп директоры болып тағайындалып, қызмет етіп келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері