
Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы
Депутат
Өмірбаян
Жалғасбаев Дайрабай Баймұратұлы 1965 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Арал ауданы, Аманөткел ауылдық округінде №73 қазақ орта мектебін бітірді. 1983-1985 жылдар аралығында Германия елінде Кеңес армиясы қатарында болды Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 1985 жылы Аманөткел ПМК №4 мекемесінде автокөлік жүргізушісі болып бастады.1988 жылы Қызылорда ауыл шаруашылық техникумына түсіп, 1991 жылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1991-2000 жылдар аралығында Арал мұнай базасында оператор болып жұмыс жасады. 2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, 2006 жылы «Мұнай және газ кәсіпшілік машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдады. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке кәсіпкер болып жұмыс атқарып келеді.





