Арал аудандық мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!

    Аудандық мәслихат депутаттарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 54 сессиясы 2026 жылдың 28 қыркүйегі күні сағат 16.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі. Сессияның күн тәртібінде «Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа да ағымдағы мәселелер қаралатын болады. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 15.00-де басталады.

    24 қыркүйек 2026 ж. – 28 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының НАЗАРЫНА!

    Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының НАЗАРЫНА Аудандық мәслихат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес Арал ауданы көлемінде құрылған №19, №34 учаскелік сайлау комиссияларына 1 кандидатурадан, №23 учаскелік сайлау комиссиясына 3 кандидатураға сайлау өткізілетіндігін хабарлайды. Конституциялық Заң талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиясы құрамында өз өкілдері жоқ әрбір саяси партия мен қоғамдық бірлестік тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір-бірден кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар 2026 жылдың 10 – 24 қыркүйегі аралығында қабылданады. Ұсыныста үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, оның туған жылы, күні, айы, ұлты (үміткердің келісімімен), білімі, мамандығы, қызмет орны, атқаратын қызметі, қызметтік телефоны, пәтерінің телефоны көрсетіліп, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктердің, жоғары тұрған сайлау комиссиясы басшыларының қолдары қойылған болуы керек. Жоғарыдағы мәліметтерге қоса мына құжаттар тапсырылуы тиіс: -саяси партиялардың немесе қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ жоғары тұрған сайлау комиссиясының үміткерді аталған сайлау комиссиясының құрамына ұсынатыны жөніндегі хаттамасынан үзінді; -саяси партиялар немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің әділет органдарында тіркеуден өткендігі жайлы құжатының көшірмесі; -үміткерге белгіленген үлгідегі жеке іс парағы, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты, білімі, саяси партияға мүшелігі, қызмет орны, атқаратын қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары, жеке куәлігінің көшірмесі; -аудандық мәслихат төрағасының атына жазылған үміткердің тиісті сайлау комиссиясының құрамында жұмыс атқаруға келісімі туралы өтініші. Арал аудандық мәслихаты Анықтамалар алу үшін: Арал аудандық мәслихатының мекен-жайы: Арал қаласы, Астана көшесі, №33. 3-қабат, №308 бөлме. Тел. 2-45-61, 2-16-61. e-mail: [email protected]

    9 қыркүйек 2026 ж. – 24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 50 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық басқарма және бөлім басшылары, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді. Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер: 1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №461 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы. 2.«2026-2030 жылдарға арналған Арал ауданының даму жоспарын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №495 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы. 3. Арал аудандық мәслихатының депутаты Т.Қанатовтың депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы. Хабарламашы: Б.Турахметов – аудандық мәслихат төрағасы. Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!

    Аудандық мәслихат депутаттарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 50 сессиясы 2026 жылдың 27 шілдесінде сағат 10.30-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі. Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №461 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралатын болады. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сол күні сағат 09.30-да басталады.

    24 шілде 2026 ж. – 27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 49 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық басқарма және бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді. Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер: 1. Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 467 «2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Р.Жанаев – Арал қаласының әкімі. 2. Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 468 «2026-2028 жылдарға арналған Сексеуіл кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Н.Орынбасаров – Сексеуіл кенті әкімінің міндетін атқарушы. 3. Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 469 «2026-2028 жылдарға арналған Жақсықылыш кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Б.Төлешова – Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының бас маманы. 4. «2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 482 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ә.Нұрекешов – Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 5.«2026-2028 жылдарға арналған Бекбауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 476 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ә.Сейітов – Бекбауыл ауылдық округінің әкімі. 6.«2026-2028 жылдарға арналған Қарақұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 470 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: А.Шарапатов – Қарақұм ауылдық округінің әкімі. 7.«2026-2028 жылдарға арналған Аққұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 472 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Н.Жандаулетов – Аққұм ауылдық округінің әкімі. 8.«2026-2028 жылдарға арналған Жаңақұрылыс ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 483 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Қ.Жиемұратов – Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушысы. 9.«2026-2028 жылдарға арналған Атанши ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Е.Ізбасаров – Атанши ауылдық округінің әкімі. 10.«2026-2028 жылдарға арналған Беларан ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 489 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Т.Есенов – Беларан ауылдық округінің әкімі. 11.«2026-2028 жылдарға арналған Құланды ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 490 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: С.Ғабиболатов – Құланды ауылдық округінің әкімі. 12.«2026-2028 жылдарға арналған Аралқұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 474 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ж.Әбдіқалықов – Аралқұм ауылдық округінің әкімі. 13.«2026-2028 жылдарға арналған Қаратерең ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 475 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Б.Маханов - Қаратерең ауылдық округінің әкімі. 14.«2026-2028 жылдарға арналған Бөген ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 477 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: А.Әлішев – Бөген ауылдық округінің әкімі. 15.«2026-2028 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Ж.Жалғасбеков – Сапақ ауылдық округінің әкімі. 16.«2026-2028 жылдарға арналған Жетес би ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 480 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Д.Жалғасбаев – Жетес би ауылдық округінің әкімі. 17.«2026-2028 жылдарға арналған Мергенсай ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 481 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: К.Жолдасова – Мергенсай ауылдық округінің әкімі. 18.«2026-2028 жылдарға арналған Жіңішкеқұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 484 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: М.Әлішев – Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі. 19.«2026-2028 жылдарға арналған Қосаман ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 485 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: А.Кеншімбаев – Қосаман ауылдық округінің әкімі. 20.«2026-2028 жылдарға арналған Сазды ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 486 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: А.Қоңырбаев – Сазды ауылдық округінің әкімі. 21.«2026-2028 жылдарға арналған Қосжар ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 487 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: М.Әбдікеров – Қосжар ауылдық округінің әкімі. Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    СОСТОЯЛАСЬ ВНЕОЧЕРЕДНАЯ СЕССИЯ АРАЛЬСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА

    АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ Бүгін аудандық мәслихат төрағасының жұмыс бөлмесінде сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 48 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық басқарма және бөлім басшылары, қала әкімі, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді. Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер: 1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы. 2. «Арал ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы №182 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Хабарламашы: Ж.Қуатов – Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы. 3. Арал ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы. Хабарламашы: Ж.Құдайберген – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

    16 маусым 2026 ж. – 17 маусым 2026 ж.Тікелей