Прекеев Батырхан Орымбайұлы

    Депутат

    Прекеев Батырхан Орымбайұлы
    Депутат маслихата

    Прекеев Батырхан Орымбайұлы

    Депутат

    Өмірбаян

    Батырхан Орымбайұлы Прекеев 1962 жылы 26 қарашада Арал ауданы, Қасқақұлан ауылында дүниеге келген. Білімі арнаулы орта.1970 жылы Қаратерең ауылындағы №82 орта мектепке қабылданып, 1980 жылы бітірген. 1980-1982 жылдары Қазалы темір жол училищесінде машинист мамандығын алған. Отбасылы. 4 бала тәрбиелеп отыр.

    1985-1986 жылдары Қаратерең ауылында кассир, 1986-1988 жылдары «Қуаңдария» балық зауытында жұмысшы, 1988-1993 жылдар аралығында Ұзынқайыр балықшылар кооперативінде экспедитор, 1993-1996 жылдары «Ұзынқайыр» кооперативінің төрағасы болып еңбек еткен. 1991-1994 жылдары Қызылорда кооперативтік техникумын бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Қуаныш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде директор қызметін атқарып келеді. 1996 жылдан бастап «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінде басқарма мүшесі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері