
Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы
Депутат
Өмірбаян
Ембергенова Нұрсәуле Сайлауқызы 1980 жылы 18 желтоқсанда Арал қаласында дүниеге келген.1997-1999 жылдар аралығында Қызылорда есеп және сауда колледжін «экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау», 2002-2005 жылдары Қазақ көлік және коммуникация университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген.
Еңбек жолын 2007-2013 жылдары «Аружан инвест» ЖШС-да бас есепші, 2014-2015 жылдары «Нұр Ер МКҰ» ЖШС-да бас есепші, 2015-2019 жылдары «Атамекен» ҰКП Арал аудандық филиалында бухгалтерлік және салықтық есептілігі және статистикалық есептілікті құру туралы менеджер кеңесші, 2019-2020 жылдары «Бастау-бизнес» жобасының бизнес тренері, 2020 жылдан бастап Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалының директоры қызметін атқарып келеді.Adal партиясынан сайланған Арал аудандық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты





