
Жұмашева Индира Жайлғанқызы
депутат
Өмірбаян
Жумашева Индира Жайлганкызы 1984 жылы 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.1999 жылы Шымкент қаласында №19 Попович атындағы орта мектебін бітірген. 1999 жылы Алматы Педагогикалық колледжіне түсіп, оны 2003 жылы қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша, үздік дипломмен бітірген.2001 жылы «Тігінші» және «Шаштараз» мамандығы бойынша курсын бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Шымкент қаласында бастаған.2001 – 2005 жылдары «Волшебница» салонында шаштараз болып, 2005 – 2008 жылы Қазақстан Халықтар Достығы Университетіне түсіп жас ақындар арасындағы «Ар – Иман Қалқаным атты мүшайрада» бас жүлдені жеңіп алған.2005 – 2007 жылдары Шымкент қаласында тігін шеберханасында жұмыс жасаған.2013 жылы «Айару» сұлулық салонын ашып, аудандық кәсіпкерлер арасында «Іскер әйел» атты сайыста бас жүлде алған.2015 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен, 2018 жылы «Ең үздік тауар өндіруші» форумына қатысып ІІІ–ші орын алып облыс әкімі Қ.Көшербаевтың алғыс хатымен мараматталған. 2018 жылы «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық бірлестігін ашып мүгедек жандармен жұмыс жасап келеді.2020 жылы Ымдау тілі маманымен жұмыс бастап сол мүгедектерге қызмет көрсетіп жатыр. 2020 жылы «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық бірлестіктің жанынан «Алтын ұя» оқу орталығын ашып тігіншілер мен тігушілерді оқытуда.





