Қызметкерлер — Степногорск қаласының әкімдігі

    Степногорск қаласының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Сейітмағанов Ербол Ердәулетұлы
    Аппарат басшысы

    Сейітмағанов Ербол Ердәулетұлы

    Қала әкімі аппаратының басшысы

    Сейітмағанов Ербол Ердәулетұлы, 1985 жылы 26 қарашада туған, Степногорск қаласының тумасы. Білімі – жоғары, 2007 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

    Байкасов Фархат Ертайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Байкасов Фархат Ертайұлы

    Степногорск қаласы әкімінің орынбасары

    1987 жылы , Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Саға ауылында туған. Білімі жоғары. 2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    Кәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономика және қаржыАуыл шаруашылығыЭкология
    Оспанов Дархан Қайырбайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Оспанов Дархан Қайырбайұлы

    Степногорск қаласы әкімінің орынбасары

    Оспанов Дархан Қайырбайұлы 1979 жылы туған, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылының тумасы. Білімі жоғары, 2005 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «агроном» мамандығы бойынша, 2007 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «есеп және ауди» мамандығы бойынша бітірген.

    Мәдениет және спортӘлеуметтік қорғауІшкі саясатБілім

    Бөлім

    11
    Бейсенбина Орынбасар Амангелдіқызы
    Бөлім басшысы

    Бейсенбина Орынбасар Амангелдіқызы

    Бөлім басшысы

    Бейсенбина Орынбасар Амангелдiқызы 06 қаңтар 1968 жылы Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Барап ауылында туды. 1993 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын, Орыс тiлi және әдебиет мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрдi.

    Тасымов Қуат Ерікұлы
    Бөлім басшысы

    Тасымов Қуат Ерікұлы

    Бөлім басшысы

    Тасымов Қуат Ерікұлы 1992 жылы Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының колледжін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы гуманитарлық-техникалық академияны ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сырттай тәмамдаған

    Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы
    Бөлім басшысы

    Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы

    Бөлім басшысы

    Жұмабаев Қайрат Қайыркенұлы , 1984 жылы туған, Ақмола облысы Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының тумасы. Білімі жоғары, 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін"Сәулет" мамандығы бойынша бітірген.

    Игберденов Асхат Кәкімұлы
    Бөлім басшысы

    Игберденов Асхат Кәкімұлы

    Бөлім басшысы

    Асхат Кәкімұлы Игберденов 1982 жылы туған, Ақмола облысы, Уәлиханов ауылының тумасы. Білімі жоғары, 2008 жылы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Кұсайынова Ләззат Жанатқызы
    Қызметкерлер

    Кұсайынова Ләззат Жанатқызы

    Бөлім басшысы

    Ләззат Жанатқызы Құсайынова 1975 жылы туған, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің тумасы. Білімі жоғары, 2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Бектасова Жанар Сағынайқызы
    Бөлім басшысы

    Бектасова Жанар Сағынайқызы

    Бөлім басшысы

    Жанар Сағынайқызы Бектасова 1985 жылы 23 тамызда СҚО, Тайынша ауданы, Амандық ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Мұқанов Асет Днесламович
    Қызметкерлер

    Мұқанов Асет Днесламович

    Бөлім басшысы

    МұқановӘсет Днесламұлы 1981 жылы Ақмола облысы Жақсы ауданы Кийма кентінде дүниеге келген. 2003 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Университет жанындағы әскери кафедраны запастағы лейтенант, взвод командирі атағымен бітірген. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында басшы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарынан өтті. 2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша сырттай бітірді. 2021 жылы VII сайланған Шортанды аудандық мәслихатының депутаты, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

    Бабаева Әсел Таубақызы
    Бөлім басшысы

    Бабаева Әсел Таубақызы

    Бөлім басшысы

    Бабаева Әсел Таубақызы, 1994 жылы туған, жоғары білімді. 2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Абылай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    15
    Ерсейітов Талғат Аманбайұлы
    Әкім

    Ерсейітов Талғат Аманбайұлы

    Степногорск қаласының әкімі

    1974 жылы 15 сәуірде Ақмола облысы Астрахан ауданының Астрахань ауылында дүниеге келді. 1996 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірді 1997 жылы Ақмола аграрлық университетін «Ұйымдастырушы-экономист» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы Астана қаласының Басқару институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.

    Карашина Инеш Амангельдиновна
    Бөлім басшысы

    Карашина Инеш Амангельдиновна

    Руководитель отдела

    Карашина Инеш Амангелдіқызы, 1982 жылы туған, Қарабұлақ ауылының тумасы. Білімі жоғары, 2005 жылы С. Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агро-техникалық университетін "Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жөніндегі инженер-жерге орналастырушы" мамандығы бойынша бітірген.

    Ауыл шаруашылығы
    Мухамедгалиева Анаргуль Советовна
    Бөлім басшысы

    Мухамедгалиева Анаргуль Советовна

    Руководитель отдела

    Мұхамедғалиева Анаргүл Советқызы, 1971 жылы туған. ШҚО, Өскемен қаласының тумасы. Білімі жоғары. 1990 жылы Өскемен қаласындағы Педагогикалық училищені бітірген. 2007 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "Менеджмент бакалавры" біліктілігі бойынша бітірді.

    Мухамеджанова Салтанат Абаевна
    Бөлім басшысы

    Мухамеджанова Салтанат Абаевна

    Руководитель отдела

    Мұхамеджанова Салтанат Абайқызы, 1984 жылы туған. Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы А.К. Құсайынова атындағы Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

    Жақсыбаев Руслан Шертайұлы
    Қызметкерлер

    Жақсыбаев Руслан Шертайұлы

    Изобильное ауылының әкімі

    Руслан Шертайұлы Жақсыбаев, 1981 жылы Целиноград облысы Сiлетi ауданы Изобильный совхозында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетiн 2005 жылы бiтiрiп химия және биология мұғалiмi мамандығына ие болды. Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының Изобильный орта мектебiнiң химия және биология мұғалiмi ретiнде бастады. 2012 жылдан Изобильное ауылының әкiмi болып жұмыс жасайды, 2021 жылдың 27 шiлдесiнде жаңадан ауылдың әкiмi болып сайланды.

    Мадьяров Марат Есламбекұлы
    Қызметкерлер

    Мадьяров Марат Есламбекұлы

    Заводской кентінің әкімі

    Марат Есламбекұлы Мадьяров 1966 жылы Көкшетау облысы Макинск ауданы Еркiндiк ацылында дүниеге келген. 2013 жылы "Көкше" Академиясы дене шынықтыру және спорт мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрдi. Еңбек жолы 1985 жылы Уалихан ауданы, Аванганд созхозының зоотехнигi лауазымынан басталды. 2000-2004 жылдары Еңбекшiлдер ауданының Советский орта мектебiнiң шаруашылық меңгерушiсi болып жұмыс iстедi. 2004-2009 жылдары Ақсу ауылдық округi әкiмi аппаратының халыққа қызмет көрсету жөнiндегi маманы. 2009 жылдан Ақсу ауылдық округi әкiмi болып сайланды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап Заводской кентiнiң әкiмi лауазымына тағайындалды. 2021 жылдың 27 шiлдесiнде жаңадан кенттiң әкiмi болып сайланды. Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде

    Өтесхан Жаныбек
    Қызметкерлер

    Өтесхан Жаныбек

    Бөгенбай ауылдық округінің әкімі

    Өтiсхан Жаныбек, 1978 жылы Монғолия Республикасы Баян Өлгей аумағында дүниеге келген. «Көкше» академиясын 2010 бiтiрiп дене шынықтыру және спорт бакалавры мамандығына ие болды. 2005-2010 жылдары Искра орта мектебiнде тарих пәнiнiң мұғалiмi болып жұмыс iстеген. 2010-2012 жылдары Минское орта мектебiнiң директоры болды. 2012 жылғы қарашасынан Бөгенбай ауылдық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушысы, 2013 жылғы 10 сәуiрiнде Бөгенбай ауылдық округi әкiмi болып жұмыс iстейдi. 2021 жылдың 27 шiлдесiнде жаңадан ауылдық округ әкiмi болып сайланды. Үйленген. Төрт баланы тәрбиелеуде.

    Мұқанов Ержан Баялыұлы
    Қызметкерлер

    Мұқанов Ержан Баялыұлы

    Шаңтөбе кентінің әкімі

    Ержан Баялыұлы Мұқанов, 1973 жылғы 29 қаңтарында Ақмола облысы Шаңтөбе кентiнде туған. Бiлiмi жоғары, 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттiк университетiн «Жылумен жабдықтау, вентиляция және ауа бассейнiн қорғау» мамандығы бойынша аяқтады.

    Исмағұлов Мұсылманбек Баукенұлы
    Қызметкерлер

    Исмағұлов Мұсылманбек Баукенұлы

    Қарабұлақ ауылының әкімі

    Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов, 1964 жылы туған, қазақ, Ақмола облысы Бестөбе кентiнде туған. Бiлiмi жоғары. 1995 жылы Ақмола педагогикалық университетiң бiтiрдi. 2004 жылы Қарағанды заңгерлiк академиясын «заңгер» бiлiктiлiгi бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1987 жылы Ақмола облысы Щучинск қ. Индустриалдық педагогикалық техникумын бiтiрiп, Сiлеты аудандық агроөнеркәсiптiк ұйымының мемлекеттiк техникалық бақылаудың аға инженер-инструкторы лауазымынан бастады. 1989 жылғы шiлде айынан бастап 1993 жылға дейiн — Сiлетi ауданының халық депутаттар Кеңесiнiң инструкторы, аға референт маманы болып iстедi. 1993 жылғы мамыр айында Бөгенбай ауылдық округiнiң депутаты болып сайланған, одан кейiн төрағасы болып, артынан Ақмола облысы Бөгенбай ауылының әкiмi болып тағайындалған. 1996 жылдан бастап 2002 жылға дейiн — Ақмола облысы Степногорск қ. учаскелiк полиция инспекторы болып iстедi. 2003 жылғы ақпаннан бастап 2005 жылға дейiн — «Қазақалтын ТКК» АҚ Қауiпсiздiк департаментi қызметiнiң жетекшi маманы болып iстедi. 2006 жылғы наурыз айынан бастап 2008 жылғы шiлде айына дейiн — Ақмола облысы, Степногорск қ., Ақсу кентi әкiмiнiң орынбасары. 2008 жылғы шiлде айынан бастап 2017 жылғы тамыз айына дейiн — Акмола облысы, Степногорск қ., Заводской кентiнiң әкiмi. 2017 жылдан 2021 жылға дейiн — Акмола облысы, Степногорск қ., Бестөбе кентiнiң әкiмi. 2021 жылдың 27 шiлдеден бастап — Акмола облысы, Степногорск қ., Қарабұлақ ауылының әкiмi лауазымына сайланды. Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Смағұлов Марат Имантайұлы
    Қызметкерлер

    Смағұлов Марат Имантайұлы

    Ақсу кентінің әкімі

    Марат Имантайұлы Смағұлов, 1985 жылғы 26 маусымында Ақмола облысы Еңбекшiлдер ауданының Атансор ауылында дүниеге келдi. 2003 жылы Ақсу кентiнiң № 1 орта мектебiн бiтiрдi. 2006 жылы Степногорск қаласының әлеуметтiк-гуманитарлық колледжiн аяқтады, 2009 жылы Алматы экономика және статистика академиясын аяқтап, қаржы мамандығы бойынша жоғары бiлiм алды.

    Сибғатуллина Самал Жеңісқызы
    Қызметкерлер

    Сибғатуллина Самал Жеңісқызы

    Руководитель отдела

    Сибғатуллина Самал Жеңісқызы 1981 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Қайрат ауылының тумасы. Білімі жоғары, 2003 жылы С. Сейфуллина атындағы Ақмола аграрлық университетін бітірген, «Есеп және аудит» мамандығы бойынша.

    Уахитов Мейірхан Әмірханұлы
    Бөлім басшысы

    Уахитов Мейірхан Әмірханұлы

    Руководитель отдела

    Уахитов Мейірхан Әмірханұлы, 1982 жылы 28 маусымда Целиноград облысы Степногорск қаласында дүниеге келген; 2005 жылы Степногорск гуманитарлық-техникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген; 2008 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай заң академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген.