Ерсейітов Талғат Аманбайұлы

    Степногорск қаласының әкімі

    Ерсейітов Талғат Аманбайұлы
    Әкім

    Ерсейітов Талғат Аманбайұлы

    Степногорск қаласының әкімі

    Өмірбаян

    1974 жылы 15 сәуірде Ақмола облысы Астрахан ауданының Астрахань ауылында дүниеге келді.

    1996 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын бітірді

    1997 жылы Ақмола аграрлық университетін «Ұйымдастырушы-экономист» мамандығы бойынша бітірді.

    2003 жылы Астана қаласының Басқару институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1996 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің аға, бас маманы қызметінен бастады.

    1997 жылғы желтоқсаннан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданының салық комитетінде маман, бас маман болып жұмыс істеді.

    2004 жылғы сәуірден бастап Ақмола облысы Астрахан ауданының салық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    2007 жылғы тамыздан бастап Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

    2009 жылғы қазаннан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    2012 жылдан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

    2017 жылдан бастап Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

    «Құрмет» орденімен марапатталған.

    2019 жылдан бастап Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы 8 қарашадан бастап Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

    2026 жылғы 21 қыркүйектен бастап Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері