
Байкасов Фархат Ертайұлы
Степногорск қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1987 жылы , Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Саға ауылында туған.
Білімі жоғары. 2009 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Ақмола облысы, Львов ауылы, Львов негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2011 жылдан 2012 жылға дейін Ақмола облысы, Жарқайың ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бас маманының м.а. Державинск қ. жұмыс істеді.
2011 жылдан 2012 жылға дейін Ақмола облысы, Львов ауылы, Львов негізгі мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Ақмола облысы, Жарқайың ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2018 жылға дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданының "Ішкі саясат бөлімі" ММ жанындағы "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылдан 2019 жылға дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Державинск қаласы әкімі аппаратының кеңесшісі, баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Державинск қала әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың шілдесінен 2021 жылдың желтоқсанына дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Державинск қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың маусымына дейін Ақмола облысы Қосшы қаласының "Ішкі саясат, мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың маусымына дейін Ақмола облысы Қосшы қаласының "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың желтоқсанына дейін Қосшы қаласы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

