Оспанов Дархан Қайырбайұлы

    Степногорск қаласы әкімінің орынбасары

    Оспанов Дархан Қайырбайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Оспанов Дархан Қайырбайұлы

    Степногорск қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Оспанов Дархан Қайырбайұлы 1979 жылы туған, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қарабұлақ ауылының тумасы.

    Білімі жоғары, 2005 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін «агроном» мамандығы бойынша, 2007 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «есеп және ауди» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы, «Сауда үйі» ЖШС сату менеджері болып бастаған.

    2006-2007 жылдары – Целиноград аудандық статистика бөлімінің маманы.

    2007-2010 жылдары – «ҚазАгро Қаржы» АҚ қаржылық тәуекелдерді басқару қызметінің жетекші маманы, Астана қ.

    2010 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстан Инжинеринг «ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау және активтерді басқару Департаментінде басшылық лауазымдарды атқарды, Астана қ.

    2011-2012 жылдары – «Бизнес Консалт Астана» ЖШС директоры, Астана қ.

    2012-2013 жылдары Астана қаласы, «Тренинг Сервис НТ» ЖШС экономист және бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2013-2015 жылдары – «ҚазАгроИнновация» АҚ өндірістік қызмет жөніндегі менеджері, Астана қ.

    2015 жылдың шілде-қазан айлары аралығында – «Қазинтерастық» ЖШС бас экономисі, Астана қ.

    2015-2017 жылдары «Мастер СС» ЖШС-де экономист және қаржы директоры болып жұмыс істеді, Астана қ.

    2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында – Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

    2018 жылдан 2025 жылғы тамыз айына дейін – Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

    2025 жылғы тамыз айынан бастап – Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері